ҚарТУ жанындағы ҚР жоо-ның оқу-әдістемелік бірлестігі
![]() Жаңалықтар |
![]() Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ аясындағы ОӘБ–ЖБТ |
![]() Байланыс |
![]() Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ аясындағы ОӘБ–ЖБТ-ға Материалдарды тапсыру тәртібі |
Қарағанды техникалық универститетінің жанындағы ЖОО-ның Оқу-әдістемелік бірлестігі (ҚарТУ ОӘБ) ҚР БжҒМ-нің 2009 жылғы 31 шілдесіндегі №367 бұйрығына сәйкес құрылған, осы құжатқа сәйкес Қарағанды техникалық университеті төмендегі мамандықтар бойынша Бас ЖОО болып бекітілді:
бакалавриаттың 8 мамандығы:
- 5В070700- Тау-кен ісі;
- 5В071200-Машина жасау;
- 5В071600-Аспаптар жасау;
- 5В072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша);
- 5В073100-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- 5В073200-Стандарттау, сертификаттау, метрология (сала бойынша);
- 5В075000-Метрология;
- 5В100100–Өрт қауіпсіздігі.
магистратураның 10 мамандығы:
- 6М070700- Тау-кен ісі;
- 6М071200-Машина жасау;
- 6М071600- Аспаптар жасау;
- 6М072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша);
- 6М073100- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- 6М073200- Стандарттау, сертификаттау (сала бойынша);
- 6М074700-Геофизикалық іздеу әдістері және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау …;
- 6М074900-Маркшейдер ісі;
- 6М075000-Метрология;
- 6М100100- Өрт қауіпсіздігі.
Ph.D докторантураның 10 мамандығы:
- 6D070700- Тау-кен ісі;
- 6D071200- Машина жасау;
- 6D071600- Аспаптар жасау;
- 6D072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша);
- 6D073100- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- 6D073200- Стандарттау, сертификаттау;
- 6D074700-Геофизикалық іздеу әдістері және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
- 6D074900-Маркшейдер ісі;
- 6D075000-Метрология;
- 6D100100— Өрт қауіпсіздігі.
Қарағанды техникалық универститетінің жанындағы ЖОО-ның (ҚарТУ ОӘБ) (ҚарТУ ОӘБ) өз қызметінде ЖОО жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктер қызметі туралы ережелерін «ҚР Білім және ғылым министрлігінің 16.10.2014 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 14.01.2011 ж. № 14, бұйрығын) басшылыққа алады.
Оқу-әдістемелік бірлестіктердің негізгі міндеттері:
— өзара байланысты мамандықтар бойынша кадр дайындайтын ЖОО-дың байланыстарын қамтамасыз ету және оқу-әдістемелік жұмысын жүзеге асыру;
— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру жұмысы бойынша ұсыныстарды дайындайды;
— еңбек нарығы және қоғамдағы әлеуметтік сұраныстарға қарай жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша мамандықтар классификаторына өзгеріс енгізуге байланысты ұсыныстарды дайындайды;
— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес мамандықтар бойынша пәндердің ҮОБ жасайды;
— мамандықтар бойынша пәндердің міндетті циклдық компоненттерінің үлгілік оқу бағдарламаларын жұмыс берушілердің сұранысына орай құрастырады;
— Құрастырылған ҮОБл және ҮОБ экспертизадан өткізеді, уәкілетті органның оларды уақытылы бекітуі үшін іс-шаралар қолданады;
— ЖОО-ын жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша мамандықтарға сәйкес ҮОБл-мен қамтамасыз етеді;
— ЖОО-ын міндетті компонент пәндерімен қамтамасыз етеді;
— РОӘБ-нің келісімімен міндетті компонент пәндерінің ҮОБ бағасын белгілейді;
— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізеді;
— баспаға дайындалған оқулық және оқу құралдарының қолжазбасын рецензиядан өткізеді;
— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының Министрлік тарапынан оқу процесінде қолдануға рұқсат берілген оқулықтары және оқу-әдістемелік әдебиеттерінің тізімі бойынша ұсыныстар береді;
— ҚарТУ жанындағы ОӘБ-ке бекітілген бакалавриат мамандықтары және ВОУД бойынша ҚР ЖОО-ын мемлекеттік аттестациядан өткізу үшін тестілеу материалдарының тізімін жасайды;
— білім беру процесін жетулдіру, оқытудың инновациялық технологияларын және білім сапасын бақылау, көптілді білім беру, қашықтықтан оқыту және оқытудың дуалды жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар береді;
- ҚР заң актілеріне сәйкес ЖОО-нда мемлекеттік тілді енгізу, дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі;
— құрастыру кәсіби және білім беру стандарттарын кіріктіруді негізге ала отырып, түлектің құзіретті моделі форматын қалыптастыру бойынша жоғары білім беру бағдарламаларының тәжірибелерін жинақтайды және таратады;
— ПОҚ біліктілігін жетілдіру және қайта даярлаудан өткізу бойынша ұсыныстарды жасауға қатысады;
— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі бағдарламаларды және ЖОО-ын аккредиттеуге қатысады;
— жоғары білім және жоғары білімді дамыту мәселелеріне қатысты құқықтық-нормативтік құжаттар жобасын жасауға және сараптауға қатысады;
— Қазақстандағы Болон процесінің дамуының негізгі тенденцияларын саралайды (мамандарды көпдеңгейлі дайындау, салыстармалы сапаны қамтамасыз ету, құзіреттілік әдістемесі, ЖОО-өндіріс әлеуметтік серіктестігі);
— жоғары техникалық мектептің Болон процесіне нәтижелі енуі бойынша ғылыми-негізделген және ұйымдастыру-әдістемелік ұсыныстарды 2011-2020 жж. ҚР білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын және ГПИИР-2 бағдарламасын есепке ала отырып, жасайды;
— қоғамдық-кәсіби және қоғамдық ұйымдармен оқу-әдістемелік байланыстарды кеңейту арқылы ЖОО-на әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге қолдау көрсету;
— Қазақстандағы жоғары инженерлік білімнің даму тенденциясын саралайды және құзіреттілік әдістеме форматындағы сапаның құрылымдық-параметрлік концептуалды негіздерін анықтайды;
— жоғары мектеп пен бизнес қауымдастықтың әлеуметтік серіктестігінің механизмін ұлттық біліктілік жүйесі аясында дамыту және біліктілік талаптарын құзіреттілік форматында қалыптастыру;
— ҚР жоғары білім бойынша АКТ жүйесіне оның ішінде ҚарТУ базасында 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» және 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарына «Өндірістік бағыт бойынша бакалавр» пилоттық жобасын енгізу.