Университет Тарихы


Соғыстан кейінгі елуінші жылдары Қазақстанның өндірістік күштерінің дамуына, көмір және басқа минералды-шикізат ресурстарына деген үлкен сұранысқа, қара және түсті металлургияның құрылысы және темір, мыс, басқа да поллиметалды рудалардың жаңа перспективалық кен орындарының ашылуына байланысты Орталық Қазақстан аймағында инженерлік кадрларды дайындау мәселесі өткір қойылды. 1953 жылы КСРО Министрлер Кеңесі тау-кен мамандықтары бойынша инженерлерді дайындаудың және Қарағандыда, Пермиде және Тулда тау-кен институттарының ашылуы әрі қарай кеңейді және жақсаруы туралы қаулы қабылдады. Осы қаулының және КСРО мәдениет Министрлігінің 1953 ж 9 шілдесінен № 1223 және 1953 ж 18 шілдесінен № 1272 бұйрықтары негізінде Қарағанды тау-кен институты ұйымдастырылды.

Жаңа тау-кен институтының ашылуы Қарағанды үшін ғана емес барлық Орталық Қазақстан үшін де үлкен оқиға болды. Биліктің жергілікті органдары жас жоғары оқу орнына қажетті назар аударды: оқу сабақтары үшін уақытша бөлмелер берілді, ал студенттер қаланың жоғары оқу орындарының және техникумдарының жатақханаларына орналастырылды. Құрылған Қарағанды тау-кен институтының бірінші директоры (ректоры) болып Мәскеу тау-кен институтының доценті болып жұмыс істеген техника ғылымдарының кандидаты Юнус Қадырұлы Нұрмұхамедов тағайындалды. Ю.Қ. Нұрмұхамедов – 1934 жылы Днепропетровск тау-кен институтын бітірген қазақ тау-кен инженерлерінің бірі. Институт директорының орынбасары болып бұрын көп жылдар бойы Қарағанды тау-кен техникумын басқарған, техника ғылымдарының кандидаты Г. Е. Иванченко тағайындалды.

Қарағанды тау-кен институтында алғашқыда екі: «Пайдалы қазбалардың кен орнын әзірлеу», «Тау-кен электр механикасы» мамандықтары ашылды. Студенттер алғашқы рет 1953 жылдың күзінде қабылданды. Сабақтар Бейбітшілік бульвары 22 бойынша кәсіптік техникалық білім беру мектептерінің бір ғимараттарында, Михайловкада және 32 кварталда орналасқан жатақханалардың бірінде орналасқан Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтының бөлмесінде жүргізілді.

Тау-кен институтын ғылыми-педагогикалық кадрлармен жасақтау алғашқы жылдары үлкен қиындықпен жүрді. Институт ашылған жылы оқытушылар құрамы 30 адамды құрады, оның ішінде 8 ғылым кандидаттары: Ю. Н. Нұрмұхамедов, Н.Ф. Бобров, Б.И. Халепский, Е.А. Гурьянова, К.В. Струве, Г.Е. Иванченко, М.П. Тонконогов, И.А. Труфанов. Бірінші оқытушылар М.А. Ермеков, Ш.У. Кан, П.И. Кирюхин, Л.Л. Тимохина, Б.Г. Христенко, С.Г. Дягтерев, А.Ишмұхамедов, Г.И. Моисеев, Л.Г. Кейтлин, В.Н. Бринза, Н.Я. Снитковский, Ф.С. Марков, А.П. Ли, С.Л. Серов, Н.Е. Гурин, Р.А. Царева, И.П.Рыбаков, Н.Е. Соколов, Э.П. Келлер, А.Е. Яковлев, А.Г. Здравомыслов, Т.Е. Гуменюк болды. Оқытушылар И.А. Труфанов, Б.И. Халепский, М.П. Тонконогов КСРО жоғары оқу орындарының Министрлігінің рұқсат қағазы бойынша Қарағанды қаласына жіберілді. Философия ғылымдарының кандидаты Н.Ф. Бобровты партиялық органдар марксизм-ленинизм кафедрасының меңгерушісі лауазымына ұсынды. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін тау-кен институтына жолдама бойынша жас маман ретінде А.Б. Әкімов, Р.А. Царева, ал орта білім беретін оқу орнында және өндірісте тәжрибесі бар Ш.У. Кан, Б.Г. Христенко, А.П. Ли, П.И. Кирюхиндер келді.

Кейінгі жылдарда профессорлық-оқытушылар құрамы көбінесе басқа жоғары оқу орындарынан келген жоғары білікті мамандардың, аспирантураны бітірген жастар мен өндірістен келген тәжрибелі мамандардың көмегімен толықтырылды.

1953 – 1954 оқу жылдары тау-кен инженерлерін дайындауға арналған базалық кафедралар: «Пайдалы қазбалардың кен орнын игеру және геология, геодезия, маркшейдерия» (кафедра мең. м.а. И.А. Труфанов); «Жоғары математика және теориялық механика») кафедра мең. м.а. Ш.У. Кан); «Сызу геометриясы, графика және металдар технологиясы», «Химия және физика» (кафедра мең. м.а. Е.А. Гурьянова); «Шетел тілдері» (кафедра мең. м.а. Л.Л. Тимохина); «Дене шынықтыру және спорт», «Марксизм-лененизм» (кафедра мең. м.а. Н.Ф. Бобров); «Әскери кафедрасы» (полковник В.Н. Ижин)

Алғашқы жылы сабақтар оқу процесіне аз бейімделген ғимараттарда жүргізіледі. Өз күштерімен реконструкция қауырт жүрді: екі дәрісхана, физикалық және химиялық зертханалар, геология, геодезия, марксизм-ленинизм кабинеттері, сызу залы, спорт және оқу залдары, кітапханаға арналған бөлмелер еңгізілді.

Сонымен қоса материалды-техникалық база құрылды. «Қарағанды көмір» Комбинаты оқу процесі үшін токарь шеберханалары, фрезер станогтары және т.б. станогтар бөлді. Кафедралар, зертханалар, кабинеттер бірінші оқу жылының аяғына қарай қажетті құралдармен, саймандармен, жабдықтармен белгіленген.

1995 жылы басшылық ауысты. 1995 ж 3 наурыздан № 351-К КСРО жоғары білім беру Министрлігінің бұйрығы бойынша Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып, бұрын ҚЃЗКИ директоры қызметін атқарған, техника ғылымдарының докторы Ә.С. Сағынов тағайындалды.

Институттың профессорлық-оқытушылар құрамының қалыптасуы және оның басқару құрамының нығайуы сол уақыттың кезектен тыс мәселесі болды. КСРО жоғары оқу орындары Министрлігінің ұсынысы бойынша маркшейдер саласының ең ірі маманы, бір уақытта маркшейдрлік іс кафедрасын басқарған, техника ғылымдарының докторы, профессор М.Л. Рудаков проректор болып тағайындалды. Конкурс бойынша Свердловск қаласынан келген А.Г. Поляков шахта құрылысы кафедрасының меңгерушісі қызметіне өтті; Днепропетровск қаласынан келген ғылым кандидаты О.В. Хорошев, И.С. Колотова, Н.М. Ананьев және А.А. Снитко доцент атағына ие болды. Оқытушылар корпусы сонымен қатар жоғары оқу орнында жемісті және ұзақ уақыт еңбектенген тәжрибелі өндірісшілер: А.Н. Лебедева, В.К. Щедровалардың келуімен толықтырылып жатты.

Институттың қалыптасу және даму шамасы бойынша сапалы профессорлық-оқытушылар құрамын қалыптастыру үшін өте маңызды шамаларды іздеу қажеттілігі пайда болды. Институт басшылығының мақсаты аспирантура арқылы кадрларды дайындаудың бір ғана дұрыс жолын таңдап алды. Жекеленген жылдары орталық өңірінің жоғары оқу орындарының мақсатты аспирантурасына 30 жуық адам жіберілді. Әрине, барлығы оқуды үздік бітіріп, оқу орнына қайтіп келген жоқ, бірақ бұл курс жалпы алғанда жақсы нәтижелер берді және алпысыншы жылдардың соңына қарай профессорлық-оқытушылар құрамы ғылым кандидаттарымен жинақталу мәселесі шешуші роль атқарды.

Институтты білікті ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін қарастыра отырып, шеф-куратор міндеттерін атқарған Мәскеу тау-кен институтының аспирантурасының көптеген түлектері кейінгі жастарға үлкен тәжрибе бере отырып, университетте жұмыс істеді және бүгінгі күнде де еңбектеніп жүр.

Жоғары білікті кадрларды дайындау мәселесінің табысты шешімге 1996 жылдың аяғында бірнеше : «Көмір, рудалы және рудалы емес кен орындарын жер асты пайдалану және игеру», «Тау-кен машиналары», «Тау-кен металлдарының металлургиялық процестері», «Өндірістің автоматтандырылуы», «Құю өндірісі» мамандықтары бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі Кеңестің құрылуы әсер етті.

Қарағанды тау-кен институтының Қарағанды политехникалық институты болып қайта құрылуы туралы КСРО Министрлерінің Кеңесімен қабылданған 1958 ж. 31 наурыздан № 127 Қаулысын институттың екінші рет дүниеге келуі болып саналады. Қарағанды политехникалық институтының ашылуына Орталық Қазақстанда қара металлургияның, тау-кен өндіруші өнеркәсібінің және машина жасаудың және жаңа инженерлік мамандықтарға өскен қажеттіліктердің жеделдетіліп дамуы себеп болды. Бұл қаланың және аймақтың өмірінде ғана емес сонымен қатар сол кезеңде Қазақстандағы бірінші политехникалық институт болғандықтан республиканың өмірінде де ерекше оқиға болды.

Политехникалық институттың басшылығы қазіргі заманғы оқу-материалдық базаны жеделдетіп қалыптастыруға курс ашылды. Бас оқу-зертханалық корпустың құрылысы басталды, ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуында алғашқы қадамы жасалды. Сол кезеңде Қарағанды политехникалық институтына Қазақ КСР ғылым академиясының Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтің келуі қолайлы болды.

1958 жыл тау-кен институтының политехникалық институт болып өзгеруімен қатар 157 политехник-тау-кен инженер технологтары мен электрмеханиктерінің алғашқы түлектері бітіріп шыққандықтан екі есе елеулі болды. Олардың басым көпшілігі өздерін жоғары білікті маман ретінде көрсетті. Солай, И.Ф. Грязнов, В.А. Топилин, И.Т. Волочаев көп жылдар бойы Қарағанды және Донецк көмір бассейіндерінің ең ірі шахталарын басқара отырып, көмір өндіру бойынша ең жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жетістіктерін қамтамасыз етті; техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.Н. Әділов Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды; техника ғылымдарының докторы, профессор А. Н. Данияров көп жылдар бойы институттың проректоры болып жұмыс істеді және өнеркәсіптік көлік кафедрасын басқарды; техника ғылымдарының докторы, профессор, нарықтық қатынастар институтының директоры А.А. Әлімбаев; Сәтпаев қаласының Құрметті азаматы Т. Исмағұлов «Жезқазған түсті металдары» ҰӨБ, «Қазақмыс» бірлестігінің бас энергетигі, «Жезэнерго» АБ президенті болып жұмыс істеді.

Елуінші жылдардың соңында КСРО жоғары оқу орындары Министрлігінің ұсынысы бойынша жоғары оқу орындары өндірістегі жұмыспен оқытуды келістіруге ауыстырылды. Осыған сәйкес күндізгі оқу бөлімінің студенттер таңдап алынған мамандыққа сәйкес өндірісте жұмыс істеді және жоғары оқу орнында оқыды. Оқытудың мұндай қиыстырулы жүйесі тәжрибелі дайындық бөлімінде кейбір жақсы жақтарына ие болды, бірақ ол тұтас алғанда оқу процесін ұйымдастыруда үлкен қиындықтар тудырды. Сондықтан одан тез арада бас тартып, жазғы уақытта өндірістік практика өтумен бірге оқытудың дәстүрлі жүйесіне ауысты.

Алпысыншы жылдардың басына қарай білім беру процесі және ғылыми-зерттеу жұмысы 20-ға жуық кафедраларда: марксизм-ленинизм; физика; жоғарғы математика, химия, шетел тілдері, геология; сызу геометриясы және графика; теориялық механика және материалдардың қарсыласуы; дене шынықтыру; пайдалы қазбалардың кен орындарын әзірлеу; тау-кен машиналары және рудалық көлік; тау-кен механикасы; тау-кен мекемелерінің құрылысы; геодезия және маркшейдрлік іс; құрылыстық өндіріс технологиясы; жылу техникасы және металлургиялық пештері; жалпы электр техникасы; металлдар технологиясы; рудалық желдету және қауіпсіздік техникасы; экономика, тау-кен мекемелерін ұйымдастыру және жоспарлау 25 арнаулы оқу зертханалары және 7 пән бөлмелері пайда болды. Қарағанды тау-кен, политехникалық институты, қазіргі мемлекеттік техникалық университетінің қалыптасуында және дамуында келесі ректорат үлкен роль атқарды.

Ректорлар

Юнус Қадырович Нұрмұхамедов – т.ғ.к., доцент (1953 – 1955 жж)

Әбілқас Сағынович Сағынов – т.ғ.д., профессор (1955 – 1987 жж)

Александр Григорьевич Лазуткин – т.ғ.д., профессор (1988 – 1993 жж)

Геннадий Георгиевич Пивень – т.ғ.д., профессор (1994 — 2008 жж)

Арстан Мауленұлы Ғазалиев — х.ғ.д., ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА Академигі, (2008 жылдан бастап қазіргі таңға дейін)

Марат Ибатов Кенесович — техника ғылымдарының докторы, профессор (2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін).

Ю.К. Нұрмұхамедов  (1953-1955 гг.) А.С. Сағынов (1955-1987 гг.) А.Г. Лазуткин  (1988-1993 гг.) Г.Г. Пивень  (1994-2008 гг.)
А.М. Ғазалиев
(2008 жылдан 2016 жылға дейін)
М.К. Ибатов
(2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін).

Оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлар

Георгий Евтихиевич Иванченко – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, т.ғ.к., доцент (1953 – 1955 жж.)

Михаил Лазаревич Рудаков – оқу және ғылыми жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, т.ғ.к., профессор (1955 – 1957 жж.)

Олег Васильевич Хорошов – оқу жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент (1958 – 1960 жж.)

Александр Гаврилович Поляков – ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент (1959 – 1961 жж.)

Сафа Үмбетәлиевич Үмбеталин – оқу жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент (1960 – 1963 жж.)

Анатолий Филиппович Кичигин – ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор (1961 – 1971 жж.)

Богдан Григорьевич Христенко – кешкі және сырттай оқыту жөніндегі проректор (1961 – 1970 жж.)

Борис Григорьевич Климов – оқу жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор (1963 – 1968 жж.)

Владимир Филлипович Бырька – оқу жұмысы жөніндегі проретор, т.ғ.д., профессор (1968 – 1981 жж. )

Асылхан Нұрмұхамедрвич Данияров – кешкі және сырттай оқыту жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор (1970 – 1987 жж.)

Александр Григорьевич Лазуткин – ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор (1971 – 1987 жж.)

Николай Федорович Гращенков – оқу жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор (1981 – 1990 жж.)

Иван Андреевич Янцен – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор (1987 – 2001 жж.)

Равиль Шарипович Ходжаев – кешкі және сырттай оқыту жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор (1987 – 1990 жж.), оқу жұмысы жөніндегі проректор, (1990 – 1992 жж.)

Сәкен Қадыркенович Малыбаев – сырттай оқыту жөніндегі проректор (1990 – 1992 жж.), оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.к., профессор (1990 – 1994 жж.)

Айтқожа Фазылович Фазылов – тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент (1990 – 1995 жж.), мемлекеттік тілде оқыту жөніндегі проректор (1997 – 200 жж), тәрбие жұмысы жөніндегі проректор (2000 – 2002 жж.)

Зора Әбуович Молдағалиев – оқу жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент (1992 – 1994 жж.)

Марат Рахмалиевич Нұрғожин – оқу жұмысы жөніндегі проректор (1994 – 1996 жж), бірінші проректор, т.ғ.д., профессор (1996 – 2004 жж.)

Аристотель Зейнуллинович Исағұлов – бірінші проректор, т.ғ.д., профессор (2004 жылдан бүгінгі күнге дейін)

Юрий Николаевич Пак – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор (1994 жылдан бүгінгі дейін)

Жетесова Гүлнар Сантайқызы оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор (2009-2010 ж.ж.)

Кропачев Петр Александрович инновация және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор орынбасары (2010 ж. шілде айынан бастап -2010ж., желтоқсан айына дейін )

Данияров Нұрлан Асылханұлы — инновация және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор (2010 — 2011 жж.)

Әзімбек Қыздарбекович Әкімбеков – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор (2001-2008жж.)

Низаметдинов Фарит Камалович — ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор ( с 2008 — 2009 жж.)

Бауыржан Жексембекұлы Хамимолда – тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.д., (2002-2008 жж.)

Марат Кеңесұлы Ибатов – оқу ісі жөніндегі проректор, т.ғ.д, профессор (2007-2008 жж.)

Бакбардина Ольга Владимировна — тәрбие жұмысы жөніндегі проректор (с 2008 -2010 жж.)

Байжумин Данияр Ануарбекович — тәрбие жұмысы жөніндегі проректор ( 2010 — 2011 жж.)

Марат Кеңесұлы Ибатов– оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор (с 2007-2008жж.)

Егоров Виктор Владимирович — оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор (2009-2016 жж.)

Марат Кеңесұлы Ибатов – бірінші проректор (2011-2012 жж.)

Байжабагинова Гульжахан Абжановна — тәрбие жұмысы жөніндегі проректор (2011-2015 жж.)

Иванченко Г.Е.(1953-1955жж.) Рудаков М.Л.(1955-1957жж.) Хорошев О.В.(1958-1960жж.) Поляков А.Г.(1959-1961жж.) Умбеталин С.У.(1960-1963жж.)
Кичигин А.Ф.(1961-1971жж.) Христенко Б.Г.(1961-1970жж.) Климов Б.Г. (1963-1968жж.) Бырька В.Ф.(1968-1981жж.) Данияров А.Н.(1970-1987жж.)
Гращенков Н.Ф. (1981-1990жж.) Янцен И.А.(1987-2001жж.) Ходжаев Р.Ш.(1987-1992жж.) Малыбаев С.К.(1990-1994жж.) Фазылов А.Ф.(1990-1995 гг.)
(1997-2002 жж.)
Мулдагалиев З.А. (1992-1994жж.) Нургужин М.Р.(1994-2004жж.) Исагулов А.З.(2004-жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) Пак Ю.Н.(1994-2009жж.) Акимбеков А.К.(2001-2008жж.)
Хамимолда Б.Ж.(2002-2008жж.) Ибатов М.К. (2007-2008жж.) Жетесова Г. С.(2009 — 2010жж.) Кропачев П.А. (шілде 2010-желтоқсан 2010 ) Данияров Н.А.(2010-2011жж.)
Низаметдинов Ф.К. (2008 — 2009 жж.) Бакбардина О.В. (c 2008-2010 жж.) Егоров В.В. (2009 -2016) Байжабагинова Г.А. (2011 -2015)

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі проректорлар

Мұқаш Әбелдинович Дүйсембаев – шаруашылық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (1953 – 1955 жж)

Гаврил Спиридонович Степанов шаруашылық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (1955 – 1956 жж)

Қази Омарович Омаров – шаруашылық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (1956 – 1958 жж)

Алексей Васильевич Владимиров – шаруашылық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (1958 – 1959 жж)

Александр Федорович Майер – шаруашылық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (1959 – 1963 жж)

Ефим Наумович Пятецкий – әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі проректор (1963 – 1967 жж)

Загит Зәкірович Байназаров – әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі проректор (1967 – 1970 жж)

Владимир Константинович Лыткин – әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі проректор (1970 – 1983 жж)

Аманкүл Ахметович Бейсенов – әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі проректор (1983 – 1987 жж)

Виктор Алексеевич Фомин – әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі проректор (1992 – 1996 жж)

Серик Зейнетдинович Сандыбаев – әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі проректор (1996 – 1998 жж)

Юрий Алесандрович Никонов – әкімшілік-шаруашылық жөніндегі проректор (1987 – 1992 жж, 1998 — 2006 жж).

Евгений Александрович Петренко — әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі проректор (2006 жылдан бастап қазіргі таңға дейін)

Досмағамбетов Б.Ш. — әлеуметтік-экономикалық сұрақтар және әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі проректор ( 2008 ж.-дан-2009 ж.)

Алиев Серік Ақзанұлы- әлеуметтік-экономикалық сұрақтар және әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі проректор (2008 ж.наурыз айынан сәуір айына дейін)

Раимханов Ерлан Маденұлы — әлеуметтік-экономикалық сұрақтар және әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі проректор ( 2009 ж.-дан — 2010 ж.)

Тоқтабаева Балташ Мұсайыпқызы — әлеуметтік-экономикалық сұрақтар және әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі проректор (2010 ж.-дан — 2011 ж.)

Жанағұлов Ғазиз Қинаятұлы әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі проректор (2012ж.-дан қазіргі уақытқа дейін).

Дюсембаев М.А.(1953-1955жж.) Владимиров А.В. (1958-1959жж.) Майер А.Ф. (1959-1963жж.) Пятецкий Е.Н.(1963-1967жж.) Байназаров З.З.(1967-1970жж.)
Лыткин В.К.(1970-1983жж.) Бейсенов А.А.(1983-1987жж.) Фомин В.А. (1992-1996жж.) Сандыбаев С.З.(1996-1998жж.) Никонов Ю.А.(1987-1992 жж., 1998-2006 жж.)
Петренко Е.А. ( 2006-2008жж.) Токтабаева Б. М. (2010-2011жж.) Жанагулов Г.К.(2012-2016)
Без рубрики