Коммерцияландыру кеңсесі

БІЗ ТУРАЛЫ

Коммерцияландыру кеңсесінің мақсаты – Университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және технологиялар трансферін тиімді жүзеге асыруды, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды әрі инновацияларды өндіріске енгізуді қамтамасыз ететін тұрақты инновациялық экожүйені қалыптастыру.

Офистің қызметі индустриялық серіктестерді тарта отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың, технологиялар трансферінің және перспективалы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің тиімді жүйесін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

 

Басым бағыттар

  1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндірістік үдерістерге енгізу арқылы ғылыми зерттеулердің экономикалық қайтарымын арттыру және ғалымдардың табысын ұлғайту.
  2. Зияткерлік меншік объектілерін анықтауға, құқықтық қорғауға және коммерциялық мақсатта пайдалануға жәрдемдесу. Зияткерлік қызмет нәтижелеріне патент алу, лицензиялау және құқықтарды беру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету және тиісті үдерістерді сүйемелдеу.
  3. Профессор-оқытушылар құрамының, жас ғалымдардың, магистранттардың, докторанттардың және білім алушылардың инновациялық әлеуетін іске асыруға жағдай жасау. Осы мақсатта кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға бағытталған тренингтер, семинарлар, хакатондар, инновациялық жобалар конкурстары мен басқа да іс-шаралар өткізу. Студенттік және ғылыми стартаптарды сүйемелдеу, бизнес-модельдерді әзірлеуге, инвестициялар тартуға және нарыққа шығуға жәрдемдесу.
  4. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту:
  • Business Skills Park – стартап-командалардың бірлесіп жұмыс істеуіне, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, инновациялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ акселерациялық бағдарламалар өткізуге арналған кеңістік.
  • QarTech инновациялық-индустриялық хабы – инновациялық жобаларды қолдауға, стартаптар құруға және технологияларды дамытуға бағытталған инфрақұрылымды, қызметтер мен бағдарламаларды ұсынады.
  • ЭкоХаб – экологиялық ағартуға, экологиялық бастамаларды іске асыруға, қайталама шикізатты жинауға, сондай-ақ шеберлік сабақтары мен экскурсиялар өткізуге арналған экологиялық кеңістік.
  • Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы  – патенттік ізденіс, зияткерлік меншікті құқықтық қорғау, технологиялар трансфері және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері бойынша консультациялық және ақпараттық қолдау көрсетеді.

 

БІЗДІҢ ЖОБАЛАРЫМЫЗ

 

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары – 2026–2028 жж.

Мамандандырылған бағыт: Геология, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар.

Жоба жетекшісі

Жоба атауы Жобаның мақсаты Практикалық маңыздылығы

Бизнес-серіктестер

Саркенов
Берік Бейсенұлы

ИРН DP32935079

РННТД24РКИ202

Бөлшектердің ірілігі, тығыздығы және пішіні бойынша сегрегация процесіне негізделген минералдар мен техногендік өнімдерді бөлудің тиімді технологиясын коммерцияландыру.

Технологияның дайындық деңгейі: TRL = 6

Гематит кендерін бұрандалы гравитациялық сепаратордың көмегімен гравитациялық байытудың әзірленген технологиясын коммерцияландыру және құрамында кемінде 62% темірі бар тауарлық өнім өндіру арқылы Қазақстанның ішкі және шетелдік нарықтарына жеткізу мақсатында құрамында темір бар қалдықтарды өңдеу өндірісін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысындағы «Кентөбе» кен орнының қалдық қоймасында гравитациялық сепарация технологиясы бойынша құрамында темір бар қалдықтарды өңдеу кешенін орнату.

«ZERE Invest Holding» ЖШС

(Ұлытау облысы, Қаражал қаласы)

Атауов
Арман Жәрдімович

ИРН DP32934949

РННТД24РК0226

Жаңа буынның тозуға төзімді болатынан ауа өткізгіш құбырларды өндіру технологиясын енгізу.

Технологияның дайындық деңгейі: TRL = 6

Жаңа буынның тозуға төзімді болатын өндіру және өңдеу технологиясын коммерциялық мақсатта енгізу, одан әрі өнеркәсіптік мақсаттағы ауа өткізгіш құбырлар өндірісін ұйымдастыру. Өнімдердің беріктігі 13–14%-ға, ал тозуға төзімділігі 15%-ға артады. Бұл болат құбырлардың қызмет ету мерзімін 30 жылға дейін, яғни 2–3 есеге ұзартуға мүмкіндік береді. Физикалық-механикалық сипаттамалары жақсартылған ауа өткізгіш құбырларды өндіруге мүмкіндік беретін әзірленген инновациялық технологиялық шешімді енгізу.

«Академ Строй» ЖШС
(Орал қаласы)

 

 

 

Лицензиялау бойынша сәтті мысалдар

Коммерцияландырылған ғылыми әзірлемелер

  1. 2026 жылғы 22 шілдедегі № 2 Лицензиялық шарт – Астана қаласындағы «ZERE Invest Holding» ЖШС-не № 10680 «Антифрикциялық шойын құрамы» пайдалы моделіне және № 37339 «Квази жоғары энтропиялы қорытпаны алу тәсілі» өнертабысына берілген патенттер бойынша құқықтарды беру туралы.
  2. 2026 жылғы 26 тамыздағы № 1 Лицензиялық шарт – «Академ Строй» ЖШС-не № 37284 «Квази жоғары энтропиялы қорытпаның құрамы» өнертабысына берілген патент бойынша құқықтарды беру туралы.

 

Тіркелген ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (ҒҒТҚН)

Жас ғалымдардың инновациялық жобалары және студенттік стартаптар

 

Байланыс ақпараты

Коммерцияландыру офисінің басшысы: Бузяков Рустам Равильевич

Мекенжайы: Бас ғимарат, 228-кабинет

Телефон: +7-700-152-55-00