Тіркеу бөлімі

Кеңсе тіркеушісінің мақсаты мен міндеті

Кеңсе тіркеушісі (бұдан әрі – КТ) – бұл студенттің оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркейтін және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін академиялық қызмет.

КТ өз қызметінде келесі принциптерді ұстануға тырысады: студенттерді біріктіріп оқыту; функцияларды сапалы орындау; жұмыста максималдық ашықтық; алдына қойған мақсаттарды уақытылы орындау.

Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және бақылау КТ мақсаты болып табылады. Қойған мақсаттарды орындау үшін КТ келесі функцияларды орындайды:

  • оқу пәндеріне оқушыларды тіркейді;
  • декандар мен оқу процесін ұйымдастыру басқармалармен бірігіп академиялық топ пен ағымдарды құрады;
  • білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркейді;
  • декандар мен оқу процесін ұйымдастыру басқармалармен бірігіп білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді;
  • білім алушылардың семестрдегі, оқу жылындағы және барлық оқу кезеңіндегі академиялық рейтингті есептейді;
  • білім алушылардың барлық оқу кезеңінде және барлық оқу кезеңінде алған кредиттерінің есебін жүргізеді;
  • білім алушылардың транскриптін құрады;
  • академиялық ұтқырлыққа ақпараттық қолдау көрсетеді.
Дюсекеева Алмагуль Тарбиевна – Тіркеу бөлімінің бастығы
Сергеев Виктор Яковлевич – офис-регистратор ҚарТУ
Колоскова Наталья Владимировна – офис-регистратор ҚарТУ
Медеубаева Дана Ардаққызы – офис-регистратор ҚарТУ
Мишелёва Динара Куангалиевна – офис-регистратор ҚарТУ
Шайхина Нурсулу Толеугазиевна – офис-регистратор ҚарТУ