«Байланыс жүйесінің технологиясы» кафедрасы

БЖТ кафедрасының мақсаты: 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша оқытылатын студенттерден кешенді талаптарға жауап беретін және әлемдік білім кеңістігіне кірігу негізінде сапа менеджменті жүйесінің іске асыратын принципті үздіксіз жетілдіретін жоғары деңгейлі мамандарды шығару.
БЖТ кафедрасының міндеті: 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының студенттерін қазіргі заманғы технология мен білім беру процесінің парадигмасының дамуын ескере отырып байланыс жүйелері мен телекоммуникация саласына жоғары деңгейлі құзыретті мамандарды дайындау.

БЖТ кафедрасының жұмыс істеу аумағы: «Байланыс желілері және коммутация жүйелері», «Электрондық жүйелер мен телекоммуникация технологиясы», «Цифрлық телерадио хабарларын тарату және хабарламалы телекоммуникация».

БЖТ кафедрасының студенттерінің дағдысы: Кафедраның түлектерінің кәсіби қызметтерінің нысандары технологиялық жүйелер, ақпараттардың тасымалдануын және өңдеуін қамтамасыз ететін техникалық құралдар, телекоммуникация жүйесінде ақпараттың қауіпсіздігіне жауап беретін құралдарды қолдану; телекоммуникациялық құрылғыларын басқару, пайдалану және сервистік қызмет көрсету.

БЖТ кафедрасының артықшылығы: БЖТ кафедрасының материалды-техникалық базасында сапалы оқу процесін жүргізу үшін қажетті жаңа оқу-зертханалық кешендермен, стендтермен, көрнекі макеттерімен және соңғы буынды компьютерлермен жабдықталған 6 зертханалар орналасқан.

БЖТ кафедрасының даму мүмкіншіліктері: Оқу үдерісінің сапасын арттыру негізінде озық инновациялық оқытуды, блокты-модульдік жүйесін, Болон процесінің қағидаттарын енгізу, ғылыми және педагогикалық біліктіліктің өсуін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына, мәдени, қоғамдық және спорттық-сауықтыру іс-шараларына қатысуын арттыру есебінен студенттердің үлгерімін жоғарылату.

Без рубрики