ЖОО кейінгі білім беру басқармасы


ПЕРЕЧЕНЬ ПРЕРЕКВИЗИТОВ, необходимых для освоения ОП магистратуры на 2023-2024 учебный год

армасы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдылығына бағынады.

ЖОО кейінгі білім беру басқармасы өз қызметін келесі құжаттар негізінде атқарады:

ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдары, Мемлекеттік жалпы міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.07.2012 ж. №1080 қаулысымен бекітілген); Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің типтік ережелері; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұймының типтік ережелері (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.05.2013 ж. № 499 қаулысымен бекітілген); PhD докторантурасының мамандықтарының ғылыми қызметкерлердің мамандықтарының Номенклатурасымен ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішіне сәйкестік тізімі; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің бұйрықтары, қаулылары, өкімдері; ректордың бұйрықтары мен өкімдері.

ЖОО кейінгі білім беру басқармасының басты міндеттері:

— магистрлар мен PhD докторларын даярлауда білім беру және ғылыми инновацияларды еңгізу;

— сабақтарды өткізудің және магистранттар мен докторанттарды практикалық даярлаудың сапасын бақылау;

— Университеттің Ғылыми кеңесі шешімдерін және Оқу-әдістемелік кеңесінің ұсынымдарын жүзеге асыру;

— магистрлар мен докторларды дайындаудың оқу, ғылыми-зерттеушілік процестерін ұйымдастырушылық, техникалық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша кафедралар мен құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру;

— магистратура мен PhD докторантураны ашу бойынша лицензияны алу мақсатында құжаттарды дайындау;

— магистранттар мен PhD докторанттардың оқу процесін ұйымдастыру, қабылдау және тіркеу;

— Университеттің оқытушы және ғылыми құрамының біліктілігін көтеруге, мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын жақсартуға қатысады.

Негізгі міндеттерге сәйкес ЖОО кейінгі білім беру басқармасы келесі қызметтерді іске асырады:

— ҚарМТУ сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау;

— білім беру және ғылыми-зерттеу қызметтерінің өмірлік циклының кезеңдерін жүзеге асыру;

— ұйымдастыру-басқарушылық қызметі;

— магистрлар мен PhD докторларын даярлауды іске асыратын кафедралардың білім беру қызметтері мен процестеріне мониторинг жүргізу, оларды өлшеу, талдау және үнемі жақсартып отыру;

— магистратура мен PhD докторантураға қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

— магистранттар мен PhD докторанттардың дербес жоспарларының орындалуын бақылау.

— институттармен, кафедралармен, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілерімен байланыс жүргізу;

— ҚР БҒМ мен білім және ғылым саласын бақылау Комитетімен байланысты жүзеге асыру.

Без рубрики