Байланыс


ҚарМТУ жанындағы ҚР жоо-ның оқу-әдістемелік бірлестігі


 

Пак Юрий Николаевич Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің техникалық бағыттары мен мамандықтары бойынша ҚР жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, техника ғылымдарының докторы (1989), професор (1990), ҚазҰЖҒА академигі (1997).

Ғылыми қызығушылығы: білім берудегі сапа менеджменті, тау-кен ісіндегі, пайдалы қазбаларды геофизикалық барлау және оларды қайта өңдеудегі ядролық-физикалық технологиялар.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің техникалық бағыттары бойынша 220-дан астам мемлекеттік білім беру стандарттарының, 2 мыңнан астам типтік оқу бағдарламаларының, соның ішінде тау-кен мамандықтары бойынша (1995-2016жж.) авторы.

Қазақстандағы алғашқы монографиялардың авторы: Болон процесі және қазақстандық реалиялар (2014ж.); Инженерлік білім берудегі құзыреттілік тәсіл (2018ж.).

400-ден астам ғылыми басылымдардың, соның ішінде 30-дан астам оқулық пен оқу құралдарының, 18 монография және 50-ден астам авторлық куәлік пен өнертабыс патенттердің авторы.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің жетекші сарапшысы, республикалық байқаудың лауреаты (2011ж.); инженерлік педагогиканың Халықаралық оқытушысы атағының лауреаты (IGIP 2006ж.); ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының лауреаты (2013ж.).

 

Без рубрики