Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ аясындағы Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестігі – жобаларды басқару топтары


Қарағанды техникалық универститетінің жанындағы ЖОО-ның Оқу-әдістемелік бірлестігі (ҚарТУ ОӘБ) ҚР БжҒМ-нің 2009 жылғы 31 шілдесіндегі №367 бұйрығына сәйкес құрылған, осы құжатқа сәйкес Қарағанды техникалық университеті төмендегі мамандықтар бойынша Бас ЖОО болып бекітілді:

бакалавриаттың 8 мамандығы:

  1. 5В070700- Тау-кен ісі;
  2. 5В071200-Машина жасау;
  3. 5В071600-Аспаптар жасау;
  4. 5В072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша);
  5. 5В073100-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
  6. 5В073200-Стандарттау, сертификаттау, метрология (сала бойынша);
  7. 5В075000-Метрология;
  8. 5В100100–Өрт қауіпсіздігі.

магистратураның 10 мамандығы:

  1. 6М070700- Тау-кен ісі;
  2. 6М071200-Машина жасау;
  3. 6М071600- Аспаптар жасау;
  4. 6М072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша);
  5. 6М073100- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
  6. 6М073200- Стандарттау, сертификаттау (сала бойынша);
  7. 6М074700-Геофизикалық іздеу әдістері және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау …;
  8. 6М074900-Маркшейдер ісі;
  9. 6М075000-Метрология;
  10. 6М100100- Өрт қауіпсіздігі.

Ph.D докторантураның 10 мамандығы:

  1. 6D070700- Тау-кен ісі;
  2. 6D071200- Машина жасау;
  3. 6D071600- Аспаптар жасау;
  4. 6D072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша);
  5. 6D073100- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
  6. 6D073200- Стандарттау, сертификаттау;
  7. 6D074700-Геофизикалық іздеу әдістері және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
  8. 6D074900-Маркшейдер ісі;
  9. 6D075000-Метрология;
  10. 6D100100— Өрт қауіпсіздігі.

 

Қарағанды техникалық универститетінің жанындағы ЖОО-ның (ҚарТУ ОӘБ) (ҚарТУ ОӘБ) өз қызметінде ЖОО жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктер қызметі туралы ережелерін «ҚР Білім және ғылым министрлігінің 16.10.2014 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 14.01.2011 ж. № 14, бұйрығын) басшылыққа алады.

Оқу-әдістемелік бірлестіктердің негізгі міндеттері:

— өзара байланысты мамандықтар бойынша кадр дайындайтын ЖОО-дың байланыстарын қамтамасыз ету және оқу-әдістемелік жұмысын жүзеге асыру;

— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру жұмысы бойынша ұсыныстарды дайындайды;

— еңбек нарығы және қоғамдағы әлеуметтік сұраныстарға қарай жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша мамандықтар классификаторына өзгеріс енгізуге байланысты ұсыныстарды дайындайды;

— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес мамандықтар бойынша пәндердің ҮОБ жасайды;

— мамандықтар бойынша пәндердің міндетті циклдық компоненттерінің үлгілік оқу бағдарламаларын жұмыс берушілердің сұранысына орай құрастырады;

— Құрастырылған ҮОБл және ҮОБ экспертизадан өткізеді, уәкілетті органның оларды уақытылы бекітуі үшін іс-шаралар қолданады;

— ЖОО-ын жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру бойынша мамандықтарға сәйкес ҮОБл-мен қамтамасыз етеді;

— ЖОО-ын міндетті компонент пәндерімен қамтамасыз етеді;
— РОӘБ-нің келісімімен міндетті компонент пәндерінің ҮОБ бағасын белгілейді;

— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізеді;

— баспаға дайындалған оқулық және оқу құралдарының қолжазбасын рецензиядан өткізеді;

— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының Министрлік тарапынан оқу процесінде қолдануға рұқсат берілген оқулықтары және оқу-әдістемелік әдебиеттерінің тізімі бойынша ұсыныстар береді;

— ҚарТУ жанындағы ОӘБ-ке бекітілген бакалавриат мамандықтары және ВОУД бойынша ҚР ЖОО-ын мемлекеттік аттестациядан өткізу үшін тестілеу материалдарының тізімін жасайды;

— білім беру процесін жетулдіру, оқытудың инновациялық технологияларын және білім сапасын бақылау, көптілді білім беру, қашықтықтан оқыту және оқытудың дуалды жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар береді;

  • ҚР заң актілеріне сәйкес ЖОО-нда мемлекеттік тілді енгізу, дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі;

— құрастыру кәсіби және білім беру стандарттарын кіріктіруді негізге ала отырып, түлектің құзіретті моделі форматын қалыптастыру бойынша жоғары білім беру бағдарламаларының тәжірибелерін жинақтайды және таратады;

— ПОҚ біліктілігін жетілдіру және қайта даярлаудан өткізу бойынша ұсыныстарды жасауға қатысады;

— жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі бағдарламаларды және ЖОО-ын аккредиттеуге қатысады;

— жоғары білім және жоғары білімді дамыту мәселелеріне қатысты құқықтық-нормативтік құжаттар жобасын жасауға және сараптауға қатысады;

— Қазақстандағы Болон процесінің дамуының негізгі тенденцияларын саралайды (мамандарды көпдеңгейлі дайындау, салыстармалы сапаны қамтамасыз ету, құзіреттілік әдістемесі, ЖОО-өндіріс әлеуметтік серіктестігі);

— жоғары техникалық мектептің Болон процесіне нәтижелі енуі бойынша ғылыми-негізделген және ұйымдастыру-әдістемелік ұсыныстарды 2011-2020 жж. ҚР білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын және ГПИИР-2 бағдарламасын есепке ала отырып, жасайды;

— қоғамдық-кәсіби және қоғамдық ұйымдармен оқу-әдістемелік байланыстарды кеңейту арқылы ЖОО-на әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге қолдау көрсету;

— Қазақстандағы жоғары инженерлік білімнің даму тенденциясын саралайды және құзіреттілік әдістеме форматындағы сапаның құрылымдық-параметрлік концептуалды негіздерін анықтайды;

— жоғары мектеп пен бизнес қауымдастықтың әлеуметтік серіктестігінің механизмін ұлттық біліктілік жүйесі аясында дамыту және біліктілік талаптарын құзіреттілік форматында қалыптастыру;

— ҚР жоғары білім бойынша АКТ жүйесіне оның ішінде ҚарТУ базасында 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» және 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарына «Өндірістік бағыт бойынша бакалавр» пилоттық жобасын енгізу.

Без рубрики