«Орыс тілі және мәдениеті» кафедрасы

Орыс тілі және мәдениеті кафедрасы оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ҚарМТУ-дың оқу және ғылыми құрамдас бөлігі болып табылады. Онда студенттер арасында шеберлік сабақтар, ашық сабақтар, тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы оқытушылардың ғылыми-педагогикалық дайындығы мен олардың біліктіліктерін арттыру жұмыстары жүзеге асырылады.

Аталмыш кафедраның мақсаты студенттердің үлгерімдерін көтеру, білім сапасын көтеруді қамтамасыз ету, заманауи компьютерлік технологияларды енгізу саналады. Сонымен қатар, кафедраның ПОҚ-ның ғылыми іс-әрекетін арттыру мақсатында әртүрлі тілдік семинарлар өткізіп, студенттермен бірлесе отырып жазған басылымдар санын арттыру, оларды университеттің мәдени шараларына қатыстырып, абитуриенттерді аталмыш жоғары оқу орнына шақыру жұмыстарына қатыстыру саналады.

Орыс тілі және мәдениеті кафедрасының келешектегі дамуы инновациялық оқытуды енгізу, оқытушылар құрамының ғылыми белсенділігін арттырып, олардың біліктіліктерін көтеру, Болон процессі принциптерін енгізу, студенттерді ғылыми жұмысқа қатысуға жұмылдыру, ҚР-ның Бірінші Президенті ұсынған патриоттық тәрбие беру Моделіне бағытталған оқу-тәрбие процесін жаңашаландыру негізінде оқу процесінің сапасын арттыру саналады.

Без рубрики