«Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы

Кафедрада оқу процесінің ғылыми зерттеулермен үздіксіз байланыс идеясы іске асырылған, жыл сайын алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдарының қатысуымен республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық конференциялар өткізіледі.

Кафедраның мақсаты: – оқу үрдісінің сапалық және сандық көрсеткіштерін жақсарту; – оқу-әдістемелік үрдісінің тиімділігін жоғарлату; – iргелi және қолданбалы зерттеулердiң кешенiн дамыту, оқытушылармен студенттердi ғылыми жұмысқа тарту ; –тәрбиелiк жұмыс негiзiнде студенттерді жан-жақты дамыту.

Кафедра келесі мамандықтарды дайындайды: бакалаврбойынша 5В071200 «Машина жасау», 5В073200 «Стандарттау, сертификаттаужәне метрология (салалар бойынша)», 5В073400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтау», магистратура бойынша – 6М071200 «Машина жасау», 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», 6М075000 «Метрология», 6М073400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтау», докторантура бойынша – 6D071200 «Машина жасау».

Кафедра білім беру үрдісінде бастаушы ЖОО төңірегіндегі білімнің сапасын жоғарлататын, оқытушылардың оқу-әдiстемелiк және ұйымдастыру жұмысындағы шығармашылық белсендiлiгін арттыратын ғылыми — педагогикалық жұмыстарды қолданады. Кафедра заманауи тәжірбиелік және зертханалық базамен жабдықталған және де оны жетiлдiру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. МТ кафедрасы құрылған кезден бастап тек ҚарМТУ төңірегінде ғана емес, Қазақстан. Республикасындағы көшбасшы кафедралардың бірі болып саналады.

«Машина жасау технологиясы» кафедрасы жоғарғы білікті мамандарды дайындаумен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiнiң дамуына үлес қосуы арқылы біздің еліміздің әлемдік бірлестікте сенімді орын алуды қамтамасыз етеді.

Кафедра «Технологиялық машиналар және жабдықтау» түлектері тау-кен жабдықтауын жобалау және эксплуатациялау бойынша білім алады, детальдарды жобалауда қолданылатын есептеулерді жүргізіп үйренеді, техникалық құжаттар мен жобалық-конструкторлық жұмыстардың стандартарымен танысады.

Без рубрики