Қазақстандық Дәнекерлеу институты


(TOTAL компаниясының жобасы)

Конференция

Халықаралық инженерлер IWE, технологтар IWT және дәнекерлеу бойынша IWS мамандарын әзірлеу бойынша курстарға құжаттар қабылдау

2015-2016

2015ж. қараша айында Қазақстандық дәнекерлеу институттында халықаралық деңгейдегі дәнекерлеу өндірісінің мамандарын 3 тобы шығарылады. 22 қазан айында 3 Модуль бойынша, ал 20 қарашада 4 Модуль бойынша емтихан қабылданады. Биылғы жылы емтихандарды өз бетінше КазДИ сертификатталған оқытушылары Бартенев И.А., Боченин В.И., Квон С.С., Ахметбеков М.М. және Журавлев Н.И. қабылдады. Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін биылғы жылы заманауи дәнекерлеу автомаматтары СББ А21 PRB (ESAB, Швеция) қорғаныш газдар ортасында дәнекерлеуге арналған және CS-100c Butt/Fillet Weaving О.Корея автоматты дәнекерлеу каретасы қолданылды.

СиЛП_рис1+

Импульсті-доғалық дәнекерлеу бойынша тәжіриберлік сабақ

СиЛП_рис2+

А21 PRB Сандық программа бағыттауышы бар дәнекерлеу автоматы

2011-2014

Қазақстандық дәнекерлеу өндірісі 2014 жылдан халықаралық деңгейдегі екінші топтағы мамандар дайындады. Бірінші деңгей курсы оқытылды «Халықаралық дәнекерлеу бойынша инженер» — 2014 жылы 7 сәуір мен 22-ші мамыр аралығында өтті. 1 және 2 модулдерді меіңгеру және 2 емтихан ойдағыдай тапсырылды. Мұнай- газ ісінен бастаған өндірістер және олардың Қазақстаннан IWE-2 топта 20 мамандар оқытылды.

Бұл жылы барлық сабақтарды ҚарМТУ-нің  сертификатталған оқытушылары  Бартенев И.А., Боченин В.И., Ахметбеков М.Т. және Журавлев Н.И. Франциядағы дәнекерлеу институтының оқытушыларының Ж.-П. Година және Г. Анса бақылауымен өткізді. Фрнация елінің мамандары лекция, тәжірибелік сабақтардың, Қазақстанның дәнекерлеу Институтының материалдық базасын және курстарды әдістемелермен қамтамасыз етудің, сапасын жоғары бағалады.

Екінші этап 2014 жылы 3 және 4 модульдер бойынша қазан-қараша айларында жүргізілді.

1

2 модуль бойынша «Халықаралық дәнекерлеу бойынша инженерлеудің» курс емтиханы

2

Қарағанды металлконструкциялау өнеркәсібіне экскурсия

3

Автоматтандырудың дәнекерлеуінің тәжірибелік сабақтары

4

Франция қаласының дәнекерлеу институтының оқытушысы

проф. Жана-Поля Годинның консультация жүргізуі

2013 жылдың  1 сәуірінен 30 мамырына дейін Халықаралық Дәнекерлеу Институтының бағдарламасы бойынша

«Дәнекерлеу бойынша халықаралық инженер»

курстары өтеді, бірінші және екінші модул

2013 жылдың қазан — қарашасында — үшінші және төртінші модуль.

Выступление Ректора КарГТУ А.М. Газалиева на открытии курсов "Международный инженер по сварке"

Выступление Директора Казахстанского Института Сварки, заведующего кафедрой "Сварочного и литейного производства" И.А. Бартенева
Қазақстанның Дәнекерлеу Институттың Директоры, «Дәнекерлеу және құю өндірісі» кафедра меңгерушісі И.А. Бартеневтің сөз сөйлеуі

DSC00341 DSC00338 DSC00349

Практические занятия слушателей курсов "Международный инженер по сварке"
«Халықаралық  дәнекерлеу инженерлерін» даярлау курстар тындармандарының тәжірибелік сабақтары
Первый экзамен слушателей курсов "Международный инженер по сварке"
«Халықаралық  дәнекерлеу инженерлерін» даярлау курстар тындармандарының бірінші емтиханы
Экзаменационная комиссия модуля "Международный инженер по сварке"
«Халықаралық  дәнекерлеу инженерлерін» даярлау емтихан комиссия мүшелері:
сол жағында профессор ШҚМТУ Лопухов Юрий Иванович, оң жағында «Дәнекерлеу және құю өндірісі» кафедра доценті  Боченин Владимир Иванович

Курстар Франция дәнекерлеу Институтының оқытушыларымен, орыс тілге аударумен, өткізіледі

2013 жылдың 1 науырызына дейін Халықаралық дәнекелеу Институтының бағдарламасы бойынша

«Халықаралық дәнекерлеуші»

оқуына қабылдау жүргізіледі

Оқу мерзімі – 2 ай

Курстардың сәтті аяқтауынан кейін талапкерлер Халықаралық Дәнекерлеу Институтының  56 мемлекет-мүшелерінде танылатын халықаралық куәлікке ие болады.

Қосымша ақпаратты

8 7212 78 88 50

+7 701 3413134 телефондары арқылы алуға болады.

эл. пошта igor_svar@mail.ru

ҒЗИ «Қазақстандық Дәнекерлеу институты»

«Дәнекерлеу үлкен болашаққа ие болады»

Академик    Е. О.  Патон

Құрметті кәсіпорын жетекшілері мен дәнекерлеу өндірісінің мамандары!

 

Сіздерге ҚарМТУ негізінде Қазақстандық дәнекерлеу институтының құрылуы жөнінде хабарлаймыз. Бұл жоба «TOTAL E&P Kazakhstan» француз компаниясының ынтасымен басталып, ал 2009 жылы, желтоқсан айының 4-і күні ҚР Президенті қатысуымен Шетел Инфесторлардың Кеңесінің 22-ші отырысында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және Франция Президенті Николя Саркози тікелей қолдауымен іске асты.

Жоба мақсаты – халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау және мұнай-газ саласы мен өндірісінде дәнекерлеудің қазіргі технологияларын көшіру.

2011 жылы шілде айында Халықаралық Дәнекерлеу институтының Бас Ассамблеясында, Ченнай қаласында (Үндістан) ҚарМТУ-мен ұсынылған Қазақстан Республикасы Халықаралық Дәнекерлеу Институтының толық құқықты мүшесі болып қабылданды.

Қазіргі кезде ҚарМТУ негізіндегі Қазақстандық Дәнекерлеу Институты өзімен дәнекерлеу өндірісінің мамандарын дайындау бойынша қазіргі оқу-техникалық кешенді ұсынады. Кешен 700 м2 ауданы бар бөлек тұратын ғимаратта орналасып, АҚШ, Швеция,  Финляндия және Италия өндірісінің жаңа дәнекерлеу жабдығымен жабдықталған. Кешен қажетті мультимедиа жабдығымен және оқу-әдістемелік материалдарымен толығымен жабдықталған. Дәнекерлеу институтының ұжымы дәнекерлеу өндірісі саласында зерттеу және практикалық жұмысында тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардан тұрады.

2012 жылы Франция дәнекерлеу институтының эксперименттік жобасы бойынша Мұнай және газ Министерлігі, ҚР БҒМ, «TOTAL E&P»   мұнай өндіруші комапния қолдауымен Қазақстандық дәнекерлеу институтының негізінде (ҚарМТУ) халықаралық деңгейдегі дәнекерлеу өндірісінің мамандарын ақысыз негізде дайындауға оқыту орталығын ұйымдастыру бойынша жұмыс басталды.

Оқуға тыңдаушылардың екі категориясы қабылданады. Бірінші категория дәнекерлеу өндірісінде тәжірибесі бар, орташа және орташа-мамандандырылған білім негізінде тыңдаушыларды қабылдайды. Екінші категория әр бағыттағы жоғары техникалық білімі бар тыңдаушыларға бағытталған.

Тыңдаушылардың бірінші категориясы оқу аяқталған соң «Халықаралық дәнекерлеуші» дипломын алады. Екінші категория «Дәнекерлеу бойынша Халықаралық инженер» дипломын алады. Дипломның екі түрі де Халықаралық Дәнекерлеу институтының мемлекет-мүшелерімен қосымша дәлелсіз танылады (55 мемлекет). Бұл орталық бітірушілеріне біздің мемлекетіміздің және одан тыс әр жергілікті немесе шетел компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Оқу, тұрмыс, жолмен (басқа қалада тұратын тыңдаушылар) байланысты шығындар, сонымен қатар оқу мерзімі кезіндегі стипендия жер қойнауын пайдаланушы қаражат есебінен төленеді.

Осыған байланысты Сізді орталықтың болжалды тыңдаушылар тізімін олардың жеке мәліметімен (Аты-жөні, ИИН, мекен-жайы, телефон немесе е-mail) жіберуді, сонымен қатар Сіздің кәсіпорындағы қалған қызметкерлерді өз біліктілігін көтеруге немесе ҚарМТУ-дағы Қазақстандық дәнекерлеу институтының оқыту орталығында жаңа мамандық алуға ерекше мүмкіндік бар екені туралы хабарлауды сұраймыз.

Сіздің дәнекерлеу бойынша (IWE, IW) халықаралық мамандарды дайындау Орталықтың жұмысын ұйымдастырудағы қатысу үшін алғысымды білдіремін.

Ізгі тілекпен,

ректор, ҚР ҒҰА академигі А.М.Ғазалиев

ҒЗИ «Қазақстандық Дәнекерлеу Институты»

 

Қазақстандық Дәнекерлеу институты

Бұл ақылды сөздер 20 ғасырдың 2-жартысында Кеңес Одағында және шетелде дәнекерлеудің қарқынды даму жылдарында жиі дәлелденді.

1950 жылы және 1960 жылдың басында дәнекерлеудің тұтас бірқатар принципті жаңа әдістері ашылды, бұл әдістер дәнекерлеу мүмкіндіктерін елеулі кеңейтті және қалыңдығы  бірнеше микроннан 2 метрге дейін жаңа конструкциялық материалдарды дәнекерлеу, сондай-ақ көптеген әр түрлі металдардан детальдарды жалғау мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтті. 1969  жылы ғарышта дәнекерлеу бойынша эксперимент жүргізілді, ал 1984 жылы дәнекерлеу ашық ғарышта орындалды. Бұл кеңес ғалымдары мен инженерлерінің үлкен жемісті еңбегінің нәтижесі еді.

Қазақстанда өткен ғасырдың 60-70-жылдары Қарағанды, Алматы, Целиноград, Петропавловск, Павлодар машина жасау зауыттарында, сондай-ақ құрылыс металл-конструкцияларының өндірісі бойынша зауыттарда доғалы, түйіспелі және электр-қожды дәнекерлеудің автоматты тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Қолмен дәнекерлеуді қорғаныш газ ортасында жартылай автоматты дәнекерлеу ығыстыра бастады.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (бұрын Қарағанды  политехникалық институт), 1965 жылдан бастап «Дәнекерлеу өндірісінің жабдықтары және технологиясы» мамандығы бойынша инженерлерді, ал 2004 жылдан бастап – «Машина жасау» біріктірілген мамандықтар шеңберінде «Дәнекерлеу өндірісінің жабдықтары және технологиясы» траекториясы бойынша бакалаврлар мен магистрлер даярлайды.

Осы жылдар ішінде дәнекерлеу бойынша 2500 астам маман  бітіріп шыққан. Олар машина жасау зауыттарында, әр түрлі өнеркәсіптік объектілерде, құрылыста, барлық металл-конструкциялық зауыттарда, магистральды құбыржолдар құрылысында, мысалы, «ERSAI» ЖШС, «Нефтестройсервис», «Арселор Миттал Темиртау» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Монтажспецстрой» ЖШС,   «ИМСТАЛЬКОН» АҚ,  «Локомотиво-сборочный завод» АҚ сияқты ірі компанияларда, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің, жақын және алыс шетелдердің көптеген энергетикалық және металлургиялық кәсіпорындарында жұмыс істейді.

40 жыл бойы дәнекерлеу процестерінің бірқатар тұтас іргелі және қолданбалы зерттеулері жүргізілді, электр доғалы және электр қожды балқытып қаптастыру, плазмалы балқытып қаптастыру, модульденген токпен дәнекерлеу, дәнекерленген жіктерді магниттік бақылау бойынша кәсіпорындарға арналған шаруашылық келісімді жұмыстардың үлкен көлемі орындалды. Қызметкерлер 30 астам өнертабысының және дәнекерлеу технологиясы саласындағы 300 астам мақалалардың авторлары болып табылады. Дәнекерлеу және бұзылмайтын бақылау бойынша 14 халықаралық және республикалық ғылыми-техникалық конференциялар ұйымдастырылды және жүргізілді. Украина ҰҒА Е.О. Патон атындағы Электр дәнекерлеу институты, Н.Э. Бауман атындағы МГТУ сияқты ірі зерттеу орталықтармен тұрақты ғылыми байланыс орнатылған. Соңғы жылдары С.М. Киров атындағы УГТУ-УПИ және Томск политехникалық университетпен ынтымақтастық басталды.

2011 жылы ҚарМТУ жанындағы құрылған дәнекерлеу бойынша Бас аттестациялық орталық Қазақстан Республикасының дәнекерлеу өндірісінің мамандары мен дәнекерлеушілерді аттестаттаудың жаңа ережесіне сәйкес III және IV деңгейде дәнекерлеу өндірісінің мамандарын даярлау және аттестаттауды жүргізе бастады, дәнекерлеу кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доц. И.А. Бартеневтің белсене қатысуы кезінде әзірленген. Соңғы жылдары  Университетте жұмысшыларды дәнекерлеу технологияларына оқыту бойынша курстар, сондай-ақ кәсіп орындардың мамандары және кәсіптік мектеп оқытушылары үшін біліктілігін арттыру курстары өткізіледі.

Университетте ауданы 600 шаршы метр болтаын дәнекерлеу оқу зертханасы орналасқан, онда жеке оқылатын дәнекерлеу пәндері бойынша 9 мамандандырылған жай және 60 орынға арналған екі оқу класы бар. Қазіргі кезде осы зертханада дәнекерлеу жабдықтарын жаңарту үстінде. Соңғы үш жыл ішінде дәнекерлеу және плазмалы кесуге арналған  қазіргі заманғы 9 аппарат алынды. 2010 жылы 1-тоқсанда Маңғыстау облысы «ERSAI» ЖШС және Атыраудан «Welding Technologies» ЖШС-тен «Дәнекерлеу» оқу орталығына «ESAB» (Швеция), «KEMPPI» (Финляндия), «LINCOLN ELECTRIC» (АҚШ) әлемдік белгілі фирмалар өндірген жаңа заманғы дәнекерлеу жабдықтары 8 бірлікте шамамен 4 млн. теңгемен берілген. «ERSAI» ЖШС-нен ЕМК–1600  жылжымалы сүзгі-желдету агрегаты «SOVPLIM» (Ресей – Швеция), дәнекерлеу аэрозольдарын және шілтер арқылы түтінді тартатын қорғаныш газы ортасында дәнекерлеуге арналған PSF 31B5 CLD ESAB және RAB Plus 25K BINZEL шілтерлер берілді. Жұмыс сұйықтығы ретінде суды пайдалану арқылы дәнекерлеу, кесу мен пісіруге арналған Мультиплаз-2500 аппараты бар. 2011 жылы «ERSAI» STT II құбырын дәнекерлеуге арналған арнайы аппараты алынды, ал 2012 жылы ҚарМТУ дәнекерлеу түтінінен ауаны  тазалайтын желдеткіштер және сүзгілері бар ССМ–1200 дәнекерлеушінің 3 арнайы үстелі сатып алынды.

ҚарМТУ-да студенттерді қолмен доғалау-дәнекерлеуге, аргон-доғалы дәнекерлеу және қорғаныш газында жартылай автоматты дәнекерлеу, сондай-ақ доғаның шағын амперлі модельге арналған доғалы дәнекерлеу режимін зерттеу үшін үйрету дағдыларына бастапқы оқыту үшін дәнекерлеушінің шағын амперлі доғалы тренажері пайдаланылады. Жаңа жабдықтарда қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және экологиялық таза дәнекерлеу технологияларын зерттеуге болады. Мұндай жабдықтар құрамы барлық Қазақстан үшін бірегей жабдықтар болып табылады, ҚарМТУ және колледж студенттері, мамандарды және Қазақстанның әр түрлі кәсіпорындары үшін жұмысшыларды оқытуға мүмкіндік береді. Зертхананы қазіргі заманғы электрондық-өлшеу аспаптарымен және микроскоптарымен әрі қарай жарақтандыру кезінде жоғарғы ғылыми деңгейде күрделі зерттеулер жүргізіледі. Озық дәнекерлеу технологиялары және жаңаша жабдықтармен өнеркәсіптік экология бойынша мамандарды оқытуға болады.

Институтта дәнекерлеу ғылымы мен техникасы бойынша дәрістер мен конференциялар, тұсаукесерлер үшін қазіргі заманғы мультимедиялық жабдықтары бар 60 орынға арналған үлкен пәндік аудитория болады.

Дәнекерлеу пәндерінен сабақ беретін оқытушылар штаты 8 адамды құрайды: 4 тех, ғыл.канд. доцент, педагогикалық өтілі 20-40 жыл, жоғары техникалық және педагогикалық білімі бар 1 аға оқытушы, магистрдің академиялық дәрежесі бар 3 оқытушы.

Оның ішінде үшеуі мемлекеттік тілде сабақ жүргізеді  (1 доцент, 1 аға оқытушы және 1 магистр).

2009 жылы 4 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Президенттің шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев және Франция президенті  Николя Саркози  шешімімен Қазақстанда  мұнай-газ саласында және өнеркәсіп саласында дәнекерлеудің қазіргі заманғы технологияларының трансферті мен халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау үшін «TOTAL E&P»  француз компаниясымен бірге Ұлттық дәнекерлеу институтын құру тапсырмасы берілген еді.

«TOTAL E&P» компания өкілдерімен және Францияның Дәнекерлеу институтымен бірге ҚР БҒМ және ҚР Мұнай және газ министрлігінде бірқатар кеңестер өткізілді. Қазақстандағы дәнекерлеу өндірісін зерттеу және кадрларды даярлау бойынша үлкен жұмыстар нәтижесінде 2010 жылы ҚарМТУ дәнекерлеу кафедрасы базасында Қазақстандық дәнекерлеу институты құрылды, елімізде оның аналогы жоқ.

ҚарМТУ жанындағы Қазақстандық дәнекерлеу институты дәнекерлеу өндірісінің мамандарын көп деңгейлі даярлауда 45 жылдық тәжірибесі бар және білікті педагогикалық кадрлары бар, дәнекерлеу жабдықтарының бірегей материалдық базасы болып табылады. Франциядағы Дәнекерлеу институты және ТОТАЛЬ компаниясымен бірге 2011жылы наурызда Халықаралық дәнекерлеу институтына қатысуға өтінім берілді және құжаттар дайындалды.

2011 жылы шілдеде Ченнай қ. (Үндістан) Халықаралық дәнекерлеу институтының Бас Ассамблеясында Қазақстан Республикасы атынан қатысқан ҚарМТУ (Қазақстандық дәнекерлеу институты) Халықаралық дәнекерлеу институтының толық тең құқықты мүшесі болып бір ауыздан қабылданды.

2012 жылы Франциядағы Дәнекерлеу институтының алғашқы пилоттық жобасы бойынша ҚарМТУ-да мұнай-газ секторының біліктілігі жоғары мамандарын даярлау бойынша оқу орталығын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар басталды. Әр түрлі деңгейдегі мамандарды – жұмысшыдан инженерге дейін оқыту, халықаралық үлгідегі диплом беру ұсынылады. Берілген диплом қосымша мойындаусыз Халықаралық дәнекерлеушілер Ассоциациясына мүше барлық елдерде танылады (55 ел).

Бұл орталықты бітірген түлектерге кез келген отандық немесе біздің еліміздің аумағындағы шетелдік компанияларда немесе шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық дәнекерлеу институтының ғылыми бағыттары болып табылады:

1. Ірі модульді тістегерішті электр қожды балқытып қаптастыру;

2. Жоғары қоспаланған қорытпаны плазмалы балқытып қаптастыру;

3. Дәнекерлеу конструкцияларындағы қалдық кернеулерді және деформацияларды есептеу;

4. Экологиялық таза дәнекерлеу технологияларын зерттеу.

5. Аралас қоспалы материалдармен балқытып қаптастыру.

Даму перспективасы

Қазақстандық Дәнекерлеу институты қызметтің келесі бағыттарына бағдарланған:

—  қазақстандық индустрия мүддесінде әзірлемелер мен зерттеулер;

— Халықаралық дәнекерлеу институтының бағдарламалары бойынша біліктілікте және барлық деңгейде дәнекерлеу персоналдарды кәсіптік оқыту және аттестация;

— инженерлік-техникалық жұмыстар және қазіргі заманғы дәнекерлеу жабдықтарын, технологияларды және материалдарды енгізу бойынша қызметтер;

— дәнекерленетін конструкцияларды бұзбай бақылау және тексеру;

— есептеулер, жобалау, сараптамалар және кеңестер.

Қазақстандық дәнекерлеу институты дәнекерлеу өндірісінің мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру бойынша арнайы ғылыми және оқу базасы бар ҚарМТУ жанындағы «Дәнекерлеу» оқу орталығының жабдықтарына негізделеді. Қазақстандық дәнекерлеу  институты Қазақстан бойынша дәнекерлеу бойынша біліктілігі жоғары дәнекерлеушілерді және нұсқаушыларды даярлау бойынша оқу және тренингтік орталықтармен, сондай-ақ инновациялық дәнекерлеу технологияларын енгізу бойынша дәнекерлеу өндірісінің кәсіпорындарымен өзара әрекеттеседі.

2011жылы наурызда ҚарМТУ және Қазақстандық дәнекерлеу  институтының қатысуымен біліктілігі жоғары дәнекерлеушілерді даярлау бойынша оқу орталықтарын және кәсіпорындарды біріктіретін KazWeld Қазақстандық дәнекерлеу ассоциациясы құрылды.

Күтілетін нәтижелер

Халықаралық дәнекерлеу институтында Қазақстанды көрсету;

Қазақстанда Халықаралық дәнекерлеу институтын көрсету;

Дәнекерлеу салаларының барлық ұйымдары мен өкілдерін біріктіру;

Бағдарламалар бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлауды орындау

Халықаралық дәнекерлеу институты: халықаралық инженер-дәнекерлеуші,

технолог-дәнекерлеуші, дәнекерлеуші, дәнекерлеу бойынша инспектор, дәнекерлеу бойынша маман.

ҒЗИ «Қазақстандық Дәнекерлеу институты»

 

«Халықаралық дәнекерлеу инженері»  «Халықаралық жұмысшы-дәнекерлеуші» курстары

Без рубрики