Стратегиялық даму департаменті


Стратегиялық даму және серіктестік бөлімі
Аккредитация және сапа менеджменті орталығы
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығы
Қоғаммен байланыс және рейтинг бойынша орталық

 

Стратегиялық даму департаменті университет жарғысына сәйкес ҚарТУ Ғылыми Кеңесінің 01.12.2017 жылғы № 7 хаттамасының негізінде құрылды.

Стратегиялық даму департаментінің негізгі мақсаты — университеттің дамуының стратегиялық бағыттарын айқындау, университеттің ұлттық және әлемдік рейтингтік жүйелерге қатысуын қамтамасыз ету, университетті және білім беру бағдарламаларын аккредитациялауға дайындау, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету, халықаралық және ұлттық ұйымдармен, университеттермен және кәсіпорындармен ынтымақтастықты кеңейту.

Стратегиялық даму департаменті Стратегиялық даму жөніндегі проректорға есеп береді және ҚарТУ барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара тығыз байланыста.

Стратегиялық даму бөлімі құрамына Стратегиялық даму және серіктестік бөлімі, Аккредитация және сапа менеджменті орталығы, Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығы кіреді, олар бөлімнің қызметін белгіленген бағыттарға сәйкес жүзеге асырады.

Без рубрики