«Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасы

ПКОҚӨ кафедрасы барлық үш деңгейде мамандарды дайындайды: бакалавр, магистратура және PhD доктор. ПКОҚӨ кафедрасының мақсаты тау-кен алу өндірісі, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыс орындары, ЖОО-ы және колледждер үшін арналған жоғары квалификациялы және талап етілетін кадрларды даярлау болып табылады.

Бакалавр

5В070700 «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша «Тау-кен ісі» бакалавры оқу уақыты ішінде икемделеді:
• өндірістің жаңа технологиясын білу;
• тау-кен қазбаларын жүргізу өзіндік құн шығындарын анықтау (көмір, кен);
• жағдайының, технологияның және өндірісті ұйымдастыру деңгейінің анализі;
• компьютерлік бағдарламаның және ақпараттық техниканың қолданылуы;
• тау-кен өнеркәсібінде басқарудың біліктілігі.

Магистратура

5М070700 «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша «Тау-кен ісі» магистры оқу уақыты ішінде икемделеді:
• ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жалпы ғылыми әдістемені қолдану;
• ғылыми құжаттардың әр түрлі формаларында оның қорытындыларын қолдана білу;
• оқытушылық біліктілік;
• профессионалды біліктілік үшін шетел тілдерін қолдану;
• ғылыми-зерттеу, оқытушылық біліктілік;
• магистратурада кадрларды даярлау жоғарғы білімнің (бакалавр) профессионалды оқулық бағдарламаларында екі бағыт бойынша:
1) ғылыми-оқытушылық, оқу мерзімі 2 жыл;
2) профильді, оқу мерзімі 1-1,5 жыл.

Докторантура

Доктарантураның оқытушылық бағдарламасында ғылыми магистр атағы бар немесе профиль бойынша магистр ғылыми және ғылыми-оқытушылық кадрларды даярлау жүргізіледі, ғылыми-зерттеу жоғарғы оқу орындарында немесе ғылыми-зерттеу орталықтарда. Докторантурада оқу мерзімі –3 жылдан кем емес.
Докторантураның оқыту бағдарламасы ғылыми бағыт бойынша фундаменталды, оқытушылық, әдістемелік және зерттеулік даярлану және пәнді терең игеру қарастырады.

Без рубрики