ҚазМИРР институты


Қазақстан көп бейінді қайта құру және дамыту институты (ҚазКҚДИ) Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу «Кешенді зерттеу және ғимарат пен құрылыстарды қайта құру» Республикалық ғылыми-зерттеу, жобалау-технологиялық және өндіріс зертханасы негізінде 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің ШЖҚ құрылды.

ҚазКҚДИ институты қолданбалы ғылыми-зерттеу, нормативті-техникалық құжаттарды құру және құрылысы саласында инжиниринг қызметтерді көрсететін ғылыми-зерттеу, сарапшылық және жобалау ұйым болып табылады.

ҚазКҚДИ институтының директоры Қарағанды политехникалық институтының, инженерлік-құрылыс факультетінің бітірушісі, техника ғылымдарының докторы, ҚР құрметті құрылысшысы Нугужинов Жмагул Смағұл ұлы болып табылады.

Институт негізінде Қазақстан Республикасы Аймақтық даму Министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық ісі бойынша Комитетте «Қауіпсіздік, техникалық пайдалану және ғимрат пен құрылыстарды қайта құру» ғылыми-үйлестіру орталығы құрылды.

ҚазКҚДИ институтында 5 бөлім қызмет атқарады:

Ғылыми-техникалық және техникалық реттеу бөлімі

Жаңа технологиялар мен жоба дейнгі жұмыстар бөлімі

Құрылыстың ғылыми-техникалық сүйемелдеу және ғимарат пен құрылыстардың мониторингінің бөлімі

Ғимарат пен құрылыстарды зерттеу бөлімі

Сәулет-құрылыс жобалаудың бөлімі

2000-2005 жж.аралығында ҚР Индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс ісі жөніндегі Комитет тапсырысы бойынша ҚазКҚДИ институты сенімділіктің инженерлік теориясы және ғимарат  пен құрылысты қауіпсіз пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, оның негізінде мемлекеттік нормативті-техникалық құжаттардың өзекті кешені құрылды.

ҚазКҚДИ институты Қазақстан Республикасыныңқұрылыс саласын реформлаау шеңберінде еврокод дамыту үшін 30 нормативті-техникалық құжаттарды құрды.

Сарапшылық зерттеулер, техникалық қорытынды және ҚазКҚДИ институтының жобалық дамытулары негізінде 1500-ден астам ғимарат пен құрылыстар қайта құрылып, қалпына келтірілді, сонымен қатар арнайы, өндірісітк кешендер, АҚ «АрселорМиттал Стил Темиртау», АҚ «ТНК Казхром», «Казахмыс» Корпорациясы, ЖАҚ «НК КазМұнайГаз», ААҚ «Соколов-Сарбайгорно-өндірістік бірлестік  (ССГПО)», ААҚ «Костанайасбест», АҚ «Жайрем ГОК», СП ТОО «NOVA-ЦИНК», АҚ «Астанаэнергосервис», ААҚ «KEGOC», ЖШС «Павлодарэнергопроект», АҚ «Астанаэнергосервис», АҚ «Астана-Энергия», ЖШС «Богатырь Аксес-Комир» және т.б.

ҚазКҚДИ институты 1000-нан астам азаматтық объектілер институт жобасы бойынша қайта құрылып, қалпына келтірілді, сонымен қатар Астана, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай қалаларындағы муниципалдық және ипотекалық тұрғын үйлер.

ҚазКҚДИ институтының мамандары Астана қаласындағы «Астана-Байтерек», «Тәуелсіздік сарайы», «Қазақ елі» монументі, «Қазақстан» орталық концерт залы,  АҚ НК «Қазақстан Темір жолы» әкімшілік орталық ғимараты, «Хан шатыр» СҮ, «Бейбітшілік және татулық» сарайы, «Москва» бизнес-орталығы,«Алау» мұз сарайы, «Астана-Арена» стадионы, «Шабыт» шығармашылық сарайы,  «Казмедиа орталыгы» телерадиокешені сияқты ерекше, биік объектілерінің техникалық жайдай мониторингін және құрылыстың ғылыми-техникалық сүйемелдеуін жүргізді.

ҚазКҚДИ институтының қызметкерлері мемлекеттік нормативті-техникалық құжаттар мен авария жағдайларын зерттеудің сарапшылық бойынша республикалық және аймақтық комиссия жұмыстарына шақырылады.

ҚазКҚДИ институтының жұмыстары Астана, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау және т.б. қалалардың әкімшіліктері мен құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық Агенттіктің құрмет және марапаттау қағаздары және мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған.

www.kazmirr.kz

Буклет ҚазМИРР