Мамандық

«Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» — 5В073100

Академиялық дәрежесі: Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бакалавры

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығын бітірушілер:

— тіршілік әрекетінің барлық саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа қауіптердің алдын алуға мүмкіндік беретін төтенше жағдайлардан қорғанудың технологиялық желілері мен жүйелерін әзірлеу, енгізу және пайдалану бойынша маман;

— табиғат құрамдастарға, техногенді, әлеументтік және ақпараттық жүйелерге әсер ететін кәсіпорындар мен ұйымдарда маман;

— тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын, жергілікті халықты ТЖ қорғауды басқару жөніндегі басқармаларда, жедел-құтқару және экологиялық қызметтерде маман;

— жобалау ұйымдарында және ғылыми-зерттеу институттарында маман болып жұмыс істей алады.

Оқу түрі: күндізгі және сырттай

Берілген мамандық бойынша магистратурада білімін жетілдіруге мүмкіндіктер бар.

«Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» — 6М073100
Академиялық дәрежесі: «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі
«Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі оқу барысында келесідей дағдыларды меңгереді:
— ғылыми-зерттеу жұмысын өткізудегі жалпы ғылыми әдіснаманы қолдану;
— ғылыми нәтижелердің әртүрлі нысандарында өзінің нәтижелерін рәсімдеу мүмкіндігі;
— педагогикалық қызмет;
— кәсіби, ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызметті жүзеге асыруда шет ел тілдерін қолдану.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрдің басым түрлеріне жоғарыда келтірілген қызметтен басқа, келесідей қызмет түрлері: орта кәсіби және жоғары оқу орындарында оқытушы, сонымен қатар, әртүрлі ғылыми-техникалық зерттеулер жатады.
Оқыту түрі мемлекеттік тапсырыс бойынша, сонымен қоса мемлекеттік тілде және орыс тілінде ақылы төлеу, кредиттік технология бойынша жүргізіледі.
Қазіргі кезде магистратурада оқу екі бағыт бойынша жүзеге асады:
-кәсіби;
-ғылыми-педагогикалық.
Кәсіби бағытта оқыту мерзімі-1,5 жыл, ғылыми-педагогикалық бағытта оқу- 2 жылды құрайды.
Магистратураға конкурстық негізде 2 емтихан(шет ел тілі, мамандық бойынша) тапсырған нәтиже бойынша қабылданады.
Магистрлік оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгерген түлектер докторантурада білімін жалғастырады.

Без рубрики