Білім беру бағдарламалары


«Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы


«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» — 6В11201 

Академиялық дәрежесі: Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бакалавры

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығын бітірушілер:

  1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі маманы және  инспекторы
  2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік маманы
  3. ТЖ, Өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау органдарында мемлекеттік қызметші
  4. Экология департаментінде және экология министрлігінде мемлекеттік қызметші (жетекші, бас маман, бөлім және департамент басшысы; эколог — инспектор)
  5. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасындағы мемлекеттік қызметші (жетекші, бас маман, бөлім және басқарма басшысы)
  6. Табиғатты қорғау жобалау ұйымдарында эколог — жобалаушы
  7. Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі жобалаушы
  8. Эколог-зертханашы, экологиялық мониторинг жөніндегі маманы
  9. Экология және еңбекті қорғау жөніндегі менеджері
  10. Табиғатты қорғау прокурорлары мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасында
  11. Экономиканың барлық салаларының кәсіпорындарында эколог болып жұмыс істей алады.

 

«Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» — 6М073100

Академиялық дәрежесі: «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі

«Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі оқу барысында келесідей дағдыларды меңгереді:

  • ғылыми-зерттеу жұмысын өткізудегі жалпы ғылыми әдіснаманы қолдану;
  • ғылыми нәтижелердің әртүрлі нысандарында өзінің нәтижелерін рәсімдеу мүмкіндігі;
  • педагогикалық қызмет;
  • кәсіби, ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызметті жүзеге асыруда шет ел тілдерін қолдану.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрдің басым түрлеріне жоғарыда келтірілген қызметтен басқа, келесідей қызмет түрлері: орта кәсіби және жоғары оқу орындарында оқытушы, сонымен қатар, әртүрлі ғылыми-техникалық зерттеулер жатады.

Оқыту түрі мемлекеттік тапсырыс бойынша, сонымен қоса мемлекеттік тілде және орыс тілінде ақылы төлеу, кредиттік технология бойынша жүргізіледі.

Қазіргі кезде магистратурада оқу екі бағыт бойынша жүзеге асады:

  • кәсіби;
  • ғылыми-педагогикалық.

Кәсіби бағытта оқыту мерзімі-1,5 жыл, ғылыми-педагогикалық бағытта оқу- 2 жылды құрайды.

Магистратураға конкурстық негізде 2 емтихан(шет ел тілі, мамандық бойынша) тапсырған нәтиже бойынша қабылданады.

Магистрлік оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгерген түлектер докторантурада білімін жалғастырады.


 

 

Без рубрики