Құрметті ұстаздар


Сіздерді және студенттеріңізді «Президентке хат» атты эссе жарысына қатысуға шақырамыз!

Іс- шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған!

Жарысқа қатысушылар:

Жарысқа қатысуға 1-3 курс топтарының  студенттері шақырылады.

Жарыстың өту мерзімі мен кезеңдері:

Эссе жарысы 2014 ж. 28 қазан- 21 қараша аралығында өтеді. Жарыс нәтижелері 2014 ж. 28 қарашада жарияланады.

Жарыстың негізгі міндеттері:

  • Жеке қабілеттерді жүзеге асыру;
  • Оқуда жетістікке жетуге ынталандыруды арттыру;
  • Лидерлік қасиеттерді дамыту;
  • Мақсат қою және оған жете білу қабілеттерін көрсету;
  • Жігерлілік пен шығармашылықты мадақтау;

 

Жарыстың өту тәртібі:

 

Әр оқытушы 1-2 студент дайындауы тиіс.

Жарысқа қатыстырылатын материалдар ағылшын тілінде қабылданады.

Әр қатысушы 1 жұмыс тапсыра алады.

Жеңімпаздарды (ең үздік 3 жұмыс)  Ұйымдастыру комитеті мүшелерінен құрылған қазылар алқасы таңдайды.

Жарысқа жұмыс ұсынудың ережесі:

Эсселер қағаз түрінде А4 үлгісінде қабылданады.

Жұмыс тақырыбында көрсетілуі тиіс: эссе жарысы, автордың аты- жөні.

Жұмыстың басында келесі ақпарат көрсетілуі тиіс: жұмыс тақырыбы, автордың аты- жөні, тобы, оқытужының аты- жөні.

Эссе жарысына жіберілетін жұмыстар келесі  талаптарға сай болуы тиіс: жарыстың міндеттелген тақырыбына  толықтай сәйкес болуы керек; жұмыс көлемі Times New Roman 14 қарпімен, дара аралықпен, шеттері: сол жағынан -3 см., басқа жақтарынан -2 см.  жазылған  2 басылым бетінен артық емес.

Эссе қабылдаудың соңғы күні 2014 ж. 21 қараша.

Жарыс жұмыстарын бағалау критерийлері:

Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланады: мазмұндылық, шынайылық, шығармашылық, тақырып өзектілігі, өз көзқарасын ұсыну; тақырыпты ашу толықтығы, баяндау қисындылығы, қорытындының негізділігі, ақпараттылығы (эрудиция).

Жеңімпаздарды марапаттау:

Жарыс жеңімпаздары (ең үздік 3 жұмыстың авторлары) 2014 ж. 28 қарашада  517 б. Өтетін  салтанатты жиында  мақтау қағаздарымен марапатталады.

 

Без рубрики