Мектепке жол


Республикалық акция «Мектепке жол»

ХДП «Нур Отан» ғимаратында 28 қыркүйек күні «Мектепке жол»  республикалық акциясының жабылу рәсімі және қатысқандарды марапаттау салтанаты өтті. Аталмыш іс-шараға директор, Қарағанды облысының бала құқығын қорғау Департаментінің өкілдері, Қарағанды қаласының БАҚ өкілдері және жеке кәсіпкерлер қатысты.

«Ақниет» ұйымының волонтеры УиА-11-2 Филатова Алина алғыс хатпен марапатталды.

Осы күні «Жастар Әлемі» ғимаратында, ауызекі, Қарағанды облысының бала құқығын қорғау Департаментіне сенім телефоны арқылы хабарласқан 15 жанұяға  концеляриялық тауарлар берілді. Волонтерлар балаларды басталып кеткен оқу жылымен құттықтап, олардан алдағы уақытта тек жақсы оқимыз деген уәде алды.
Мероприятия Акниет 2012-2013 г1   Мероприятия Акниет 2012-2013 г2

«Ақниет» ЖҚҰ жаңа волонтерлары үшін тренинг

Жыл сайын, ҚарМТУ бірінші курс студенттері келісімен, балалар университеттің қоғамдық жұмыстарына көңіл бөліп біздің ЖОО ұйымдарына аяқ басады. Осыған орай, 2012 жылдың 11 қазан айында сағат 17:00-де «Жастар Әлемі» жастар сарайында, «Ақниет» ЖҚҰ жаңа волонтерлерi үшiн ойын формалары мен жұмыс әдiстерiн үйрету мақсатында арнайы тренинг өткізді. Тренинг тәжірибелік және теориялық бөлімнен кұрылды. Волонтерлер тренингтiң арқасында, балалармен жұмыс істеу дағдылары мен қызықты білімдерге ие болды. Тренингке 14 студент қатысты.

 

  Тренинг для новых волонтеров МБО «Акниет» Тренинг для новых волонтеров МБО «Акниет»

 

Қарашаның 23-і ҚАК мектеп-интернатының балаларына жыл сайынғы күзгі бал-маскарад өтті.

Нағыз балл өткізілді! Әдемі киінген ханымдар мен сырбаз жігіттер! Балалар үлкен ғанибетпен барлық байқаулар мен ойындарға қатысты. Концерттік-көңіл көтеру бағдарламасынан кейін балаларға дискотека ұйымдастырылды, ал кеш соңында балдың патша және патшайымы аспанға шамды ұшыртты.

«Аяз Атаға хат» жыл сайынғы акциясы

 

4 желтоқсан –№22 мектеп-интернатының балаларына «Аяз Атаға хат» акциясының басы.
9 желтоқсан – Новодолинск с. Сергеев баспанасында «Аяз Атаға хат» акциясының басы.
12 желтоқсан – ҚарМТУ студенттері балалардың хаттарын саралады.
24 желтоқсан – Новодолинск с. Сергеев баспанасындағы балаларына Жаңа Жыл шыршасы.
29 желтоқсан –№ 22 мектеп-интернатының Жаңа Жыл шыршасы.

Волонтерлер балалармен уақытты көңілді өткізу үшін және Аяз Атаға хат жазу үшін келді! Әр хатта бала Жаңа Жылға қандай сый қалайтынын жазды, ал студенттер сиқыршы сияқты олардың тілегің орындайды!

Акцияға ҚарМТУ, ҚҚЭУ студенттері мен «Қамқор» жастар қозғалысының волонтерлері қатысты.

14 ақпан күні ЖҚҰ «Ақниеттің» үйлестірушілері мен СҚИ кәсіби бюро студенттерімен бірге ҚАК мектеп-интернатына сапар ұйымдастырылды.

Балаларға ойын, би және ұсақ-түйек жұмыспен көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылды. ЖҚҰ «Ақниет» волонтерлері СҚИ студенттеріне балалармен ойнау, олардың көңілді түрлерің көру және күлкілерің есту қалай тамаша екенін көрсетті.


22 ақпан күні Ким Виталийді қолдау үшін «» қайырымдылық концертті өтті. Концертті ұйымдастыруға ҚарМТУ студенттері мен «Мұрагер» мектебінің оқушылары қатысты.

Концертке Виталий Кимнің туысқандары шақырылды. Тәтелері де келді: бала өз анасымен Алматыда химия-сәуле терапия курстарын өтіп жатыр. Іс-шараға қатысқан студенттер баланың отбасы мүшелерің барлық күшімен қолдап, үміт және сенімділікпен күшейтті. Өз көрсетілімдерінде, би, өлең немесе музыкалық аспапта болсын балалар жақсыға үмітпен қарауға үмітті күшейтті.

Жиналған қаражат анасының шотына аударылды.

2013 ж., наурыз айының 7 күні халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымның волонтерлері «Қайырымдылық» қарттар үйіне барды. Студенттер әжелерді және үй қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Без рубрики