М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл толуына орай тарихи экскурсия өтті


Алдымыздағы аптада М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл толуына орай тарихи экскурсия өтті. Іс-шараның басты мақсаты —  студенттерге қазақтың аса айбынды билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру болып табылады. Өткенге көз жүгірту —  егемен ел ұрпақтарының басты парызы десек, бұл экспедицияның алар орны ерекше. «Жеті атасын білмеген жетім» деген сөздің астарын қазақ халқы жақсы түсінеді. Тарихқа тағзым, бабаға құрмет көрсетілер мұндай шараның мәні де, маңызы да зор.  Аталмыш шараға Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің  Инновациялық технологиялар колледжі студенттері қатысты. Шара барысында Қаз дауысты Қазыбек би туралы толық ақпараттар беріліп бейнеролик және слайд көрсетілді. «Сарыарқаның ұлы биі – Қаз дауысты Қазыбек би» атты кең көлемде кітап көрмесіне қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері шолу жасады. Сонымен қатар жас оқырмандар кітапхананың басқа да бөлімдерімен танысып, саяхат жасап шықты. Мемлекетіміздің іргесін бекітуге елеулі үлес қосқан Қазыбек бабамыздың есімі бұдан әрі де жаңғыра береді деп сенеміз.

Без рубрики