Карсакова Акбопе Жолаевнаның докторлық диссертация қорғау туралы


Қарағанды техникалық университетінде PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Карсакова Акбопе Жолаевнаның 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша «Түзету-қағу-өңдеу ВПО-3-3000 машинасын жаңғырту» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелері» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

  1. Сазамбаева Баян Токушевна – техника ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының профессоры.
  2. Бақыт Ғабит Бақытұлы – PhD докторы, Логистика және көлік академиясының «Магистралдық инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Кадыров Адиль Суратович – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелері» кафедрасының профессоры.
  2. Грачев Владимир Васильевич – техника ғылымдарының докторы, Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университетінің «Локомотив және локомотив шаруашылығы» кафедрасының профессоры, Ресей.

Кеңестің уақытша құрамы:

  1. Тоғызбаева Бағлан Болсыновна — техника ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының профессоры;
  2. Мусаев Жанат Султанбекович техника ғылымдарының докторы, Логистика және көлік академиясының «Магистралдық инженерия» кафедрасының профессоры.
  3. Бақыт Ғабит Бақытұлы – PhD докторы, Логистика және көлік академиясының «Магистралдық инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қорғау 2021 жылы 10 желтоқсан, сағат 12.00-де «Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бірінші корпус, 319 дәрісхана. Қорғау отырысы онлайн-режимінде Zoom-платформасында (конференцияның идентификациялық номері 7272555858, кіру коды 1953) өткізіледі.

Сайт адресі: www.kstu.kz,  e-mail: karsakova84@mail.ru

Диссертация

Ғылыми еңбектерінің тізімі

Аңдатпа

Этикалық комиссияның қорытындысы

Ғылыми кеңесші Кадырова А.С. пiкipi

Шетелдік ғылыми кеңесші Грачев В.В. пiкipi

Отзыв рецензента Бақыт Ғ. на диссертацию Карсаковой А.Ж.

Отзыв рецензента Сазамбаевой Б.Т. на диссертацию Карсаковой А.Ж.

Справка о наличии публикаций Карсакова

Без рубрики