ЖШС «Скай-Тех»:

Астана қ.

— дамытушы (MS.NET)

— талдаушы

— жүйелік әкімгер

Қарағанды қ.

— дамытушы (MS.NET)

— талдаушы-сынақтаушы

Бос орындардың сипаттамасы

Жобаға байланысты:

Талдаушы: зерттеулерді жүргізу, техникалық-экономикалық дәйектемелерді, техникалық тапсырмаларды дамыту, мемлекеттік органдардың бизнес-үрдістерін сипаттау, графикалық интерфейс макетін, IT саласында заң жобасының айрықшаламасын, модельдеудің мамандандырылған ортасында бизнес-үрдістерін, қолданушы және жоба құжаттамасының басқарушылығын құру.

Талдаушы-сынақшы: қабылдау-тапсыру сынаулардың  сценарийлерін құру, қабылдау-тапсыру сынауларды жүргізу, жүктеу және тесттің басқа түрлерін құру, жоба құжаттамасын жасау.

Дамытушы (MS .NET) –.NET C# тілі ілеспелі бағдарламалық платформаларында бағдарламалық кодты жобалау және дамыту.

Жүйелік әкімгер (PHP бағдарламашы дағдыларымен) – Скай-Тех компаниясының бірлескен порталын дамыту, жұмыс қабілетін қолдау, Скай-Тех компаниясы және оның тапсырыс берушілердің бағдарламалық-аппараттық инфрақұрылымын икемдеу және дамыту.

Талапкерлерге қойылатын шарттар.

Бейінді инженерлік білім, құрылғы және бағдарламалық жүйе жұмысының негізгі принциптерін түсіну, дерекқор жұмысының принциптерін білу, аналитикалық ақыл-ой жүйесі.

Ең бастысы.. – өзіңе «Мен  өз болашағымды бүгін және қазір саламын, мен жаңа және қиынды оқып, кәсіпқой боламын!» деп айтуға батылдықтың болуы.

Біз бітірушілерді келесі мамандықтар бойынша қарастырамыз:

1) Компьютер технологиялары және жүйе техникасының институты

Мамандық:

— Ақпараттық жүйелер

— Есеп техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

2) Энергетика, байланыс және бағдарламалық қамтамасыз ету институты

Мамандық:

— Автоматтандыру және басқару

Скай-Тех – ірі және күрделі бағдарламалық жүйелерді дамытудың нарығында жұмыс істейтін қазақстандық IT-компания. Біз күрделі және инновациялық тапсырмаларды орындаймыз, біз алдында сәтсіздікке ұшыраған жобаларды басқаруға аламыз, біз жұмысты бәсекелестерге қарағанда тезірек және сапалы жасаймыз.

Біздің қызметіміздің негізгі бағыты – бағдарламалық қамтамасыз етудің дамытуы және IT-консалтинг. Біздің тапсырыс берушілердің 90%- Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторы.

Біздің компания қатысатын ірі жобалар: «Электрондық Үкімет», «Электрондық лицензиялау», «Білімнің бірыңғай ақпараттық жүйесі», «e-Learning Электрондық оқытудың жүйесі» және тағы басқа жауапты жобалар.

Жыл сайын, күз ортасында, Скай-Тех жас мамандарға: магистранттар, бітірушілер және 3, 4 курс студенттеріне бос орындарды ашады.

Барлық бос орындар – шынайы жобалардағы тәжірибелі сарапшылармен нақыт орындар.

Бұл жас мамандар үшін тәжірибе, машықтанудан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

Байланысу:

Бас офис: 010000, Астаны қаласы, Орынбор көшесі, 8 (Министрлік үйі) тел. (7172) 502 480, 269 622.

Қарағанды бөлімшесі: Қарағанды қ., Әліханов көшесі, 1 офис №315 тел. (7212) 920 701, 920 703, +7(702)218 64 41.

e-mail: job@sky-tex.kz

www.sky-tex.kz

 

Без рубрики