Жеңіс күніне қарсы!

Ұлы мереке Жеңіс күніне қарсы ҚарМТУ тарих мұражайының қоры жаңа материалдармен толықтырылды. Энергетика кафедрасының оқытушысы Петренко Евгений Александрович өз әкесі, Петренко Александр Тимофеевичтің әскери күнделігінен жазбалар мен суреттерді мұражайға беріп жіберді. Петренко Александр Тимофеевич екі соғыстың: Ақ-финн компаниясының және ҰОС-тың ветераны. Ленинград қорғанысының қатысушысы және Нева Дубровкасының ветераны болып табылады. Соғыс ордендары мен медальдермен марапатталған. Соғысты Румынияда аяқтады. Ленинград Артиллериялық Академиясын 1954 жылы полковник атағында бітірген соң, әскери офицерлермен бірге КСРО Қарулы Күштер Министрлігімен Қарағанды қаласына Қарағанды тау-кен институтындағы офицер қорын әскери дайындық кафедрасын құруға жіберілді. Кафедра ұйымдастыру мен оны құрудан кейін артиллерия циклінің бастығы болып жұмыс істеді. Қызметтен кеткен соң, 1961 жылы «Еңбек қорғау» кафедрасында қызмет атқарып, кейін ҚарПТИ партиялық комитетінің бос хатшы орынбасары болып қызмет атқарды. Өзінің білім және партиялық-тәрбиелеу жұмысы үшін КСРО Білім Министрлігі мен КПСС Кар.обком Құрмет грамотасымен марапатталған.

Без рубрики