Webometrics


Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің  Сайты Вебометрикс халықаралық рейтингінде III орынға ие болды.

Вебометрикс халықаралық рейтингі (Webometrics) Испания Ұлттық Зерттеу Кеңесінің Ақпарат және Құжаттама орталығы – Кибометрика зертханасының зерттеу тобымен  (Cybermetrics Lab) 2004 жылдан бастап өткізіледі.

Рейтингтің негізгі мақсаты ақпаратты ашу және электрондық ғылыми жарияланымдар мен академиялық материалдарға шығуды қамтамасыз ету бойынша зертхана бастауларын қолдау. Webometrics рейтингі тек зерттеу нәтижелеріне ғана емес, сонымен қатар жарияланатын материалдарға да көңіл бөледі.

Сайт рейтингін анықтауға мәліметтер жылына екі рет, қаңтар және шілде айларында жиналады. Нәтижелері бір айдан кейін жарияланады.

Әлемдегі  20 000 мыңнан астам жоғары оқу орындарының сайттары талданып, сараланатын 12 000 ЖОО бойынша рейтинг нәтижелеі ұсынылады.

Ranking Web of Universities ақырғы нәтижелері бойынша (қаңтар 2013 года) ҚарМТУ сайты қазақстандық ЖОО-лар арасында III орынға ие болды. Сайттардың шілделік рейтингінің нәтижелерімен салыстырғанда, ҚарМТУ  11 позицияға көтерілді. Бұл қарМТУ ұжымы қызметінің үздік көрсеткіші! 

Без рубрики