Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі «Ел жүрегі – Астана» студенттер фестивалі

2018 жылдың 4-5 сәуірі  күндері   ҚарМТУ-да  Астана қаласының 20-жылдығына және университеттің 65-жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана» атты студенттердің фестивалі өтті.

Мақсаты – жастардың шығармашылығына, жаңа бастамаларына қолдау көрсету және олардың бойындағы адамгершілік-мәдени құндылықтарды  дамыту.

Фестивальдің ұймдастырушылары ҚарМТУ Жастар саясаты департаменті   және «Жас Орда» студенттер ассоциациясы.

Екі күндік өнер фестивалі келесі бағыттар бойынша  өтті: вокал, хореография (халық және қазіргі заманғы би), музыкалық аспапта ойнау шеберлігі (домбыра), дебаты, КВН.

Бірінші күні  — 4 сәуір күні «Жастар Әлемі» студенттер сарайында дебат турнирі мен  көңілді және тапқырлар клубының қазақ және орыс лигасы (КВН) өнер көрсетті. Екінші күні  — 5 сәуір күні — жастар К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында  музыкалық өнер, аспапта ойнау және би бағыттары бойынша сайысты.

Республика және аймағымыздың Саят Әбдіғали, Ирина Вазем, Балғамбек Смағұлов, Анар қапасова, Максим Петров пен Райымбек Сатыбалды сияқты өнер қайраткерлері әділқазы мүшелері болған байқау қорытындысы бойынша фестиваль жеңімпаздары анықталды. «Политех» студенттері осы жолы да инженерлердің қолынан тек техника тетігін ұстау ғана емес,  лирик, ақын, әнші, биші,  философ болу келетіндігін дәлелдеп берді.

Без рубрики