Әскери кафедраға оқуға қабылдау шарттары

Әскери кафедра


Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен студенттерді қабылдау жоспарына сәйкес әскери кафедраға оқуға түсу үшін студенттер жыл сайын 1 тамыздан 20 тамызға дейін іріктеліп алынады. Қабылдау жоспары әскери кафедралардың басшыларына қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін жіберіледі.

Құжаттардың қабылдауы әскери кафедра қабылдау комиссиясы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқтайды.

Конкурсқа 24 жасқа дейінгі студенттер қатыса алады.

Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезеңнен тұрады:

— бірінші кезең — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық сараптама жүргізу ережелеріне және әскери-медициналық сараптама органдары туралы ережеге сәйкес медициналық тексеруден өту;

-екінші кезең — кәсіби психологиялық тестілеу өту;

-үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

-төртінші кезең — рейтингтік ұпай есебіне сәйкес өткізіліп, университет басшысы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісе отырып жасалып, бекітілетін конкурстық іріктеу.

Қабылдау комиссиясының құрамы мен жұмыс жасау мерзімдері Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бұйрығымен белгіленеді.

Қабылдау комиссиясы тақ саннан тұрады (кемінде 5 адам), оның құрамына мыналар кіреді:

1) комиссия төрағасы — әскери кафедраның бастығы;

2) Комиссия төрағасының орынбасары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицері, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білімді қадағалайтын құрылымдық бөлімше белгілейді;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының әскери қызметшісі;

4) әскери кафедра бекітілген әскери бөлімнің (мекеменің) дене шынықтыру және спортпқа жауаптысы, ал олар болмаған жағдайда университеттің дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілі;

5) университеттің басшысымен белгіленген профессорлық-оқытушылық құрамының өкілі (әскери кафедрадан емес).

Университеттің әскери кафедрасының өкілі (дауыс беру құқығысыз) комиссия хатшысы болып тағайындалады.

Конкурстың әр кезеңінен бір рет өтуге рұқсат етіледі.

Резервтік офицерлерді даярлау бағдарламасында оқу үшін құжаттар бірінші курс студенттерінен (4 жылдық оқудан) және екінші курс студенттерінен (5 жылдық оқудан) қабылданады. Колледж бітіргеннен кейін екінші курсына қабылданған студенттер, университетте жылдық оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы негізде запастағы офицер бағдарламасы бойынша оқуға конкурстық іріктеуге қатысуға құқылы.

Әскери дайындық оқу орнын бітіруден бір жыл бұрын оқу жиынымен (кәсіби практикамен) аяқталады.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық ақылы және ақысыз негізде жүргізіледі. Ақылы негізде оқыту құны мемлекеттік білім беру тапсырысына арналған оқу құнынан аспайды.

Конкурс шарттарын тапсырған әскери кафедралары бар жоғары оқу орындарының студенттеріне мемлекеттік тапсырыс бойынша ақысыз негізде оқуға рұқсат етіледі, ақылы негізде оқу үшін, әскери кафедраға бөлінген орындардың санына сәйкес комиссия ұсынған конкурс шарттарынан өткен студенттер де жіберіледі.

Ақылы негізде оқу үшін университет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісе отырып, меншік және бағыныштылығына қарамастан әскери кафедралары жоқ басқа университеттерден студенттерді тарта алады.

Ақылы негізде оқыту құны жылына 221 000 теңгені құрайды.

 

Без рубрики