Назар аударыңыз! Технологияларды коммерциализациялауға инновациялық шәкіртақыға өтініш бергендерге!

«Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ, «»Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ еншілес компаниясы) жаңа ережелерге сәйкес технологияларды коммерциализациялауға инновациялық шәкіртақыға алдын ала өтініштер  қабылдаудың басталғандығын жариялайды.

2015 ж. 18 қыркүйек күні ҚР Инвестициялар және даму бойынша министрлігінің 2015 ж. 27 ақпандағы №210 бұйрығымен бекітілген технологияларды коммерциализациялауға инновациялық шәкіртақы берудің Ережелері күшіне енді.

Хабарландыруға сәйкес Коммерциализациялауға алдын ала өтініштер 2015 ж. 30 қазанына дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат Ғылым департаментінде (бас ғимарат, 226 б., 56-68-22, ішкі 2226)

Қосымша

Инновациялық шәкіртақы беру ережелері

Без рубрики