Мисс и Мистер КарГТУ -2017

17 сәуір күні Қарағанды қ. Кеншілер мәдениет сарайында «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған «Мисс и мистер ҚарМТУ-2017» атты студенттердің өнер және сұлулық сайысы өтті. Іс-шара  университеттің «Жас Орда» студенттер кәсіподағы ұйымдарының бастамасымен ұйымдастырылды.

Бір ай бойы  факультетішілік конкурсқа қатысып, үздіктердің үздігі атанған 10 жұп бұл күні Кеншілер мәдениет сарайы сахнасында оқытушылар мен студенттер алдында өнер көрсетті.

 

 

 

 

 

 

Жастарға қолдау көрсетіп, сайыскерлерге деген жылы лебізін білдірген ҚарМТУ проректоры Марат Ибатов: «Студенттік өмір – бұл тек ғылыми жобалар мен семинарлар, дәрістердің уақыты емес. Бұл – жастық шақтың ең қызықты да қызу кезеңі. Дәл осы уақытта сіздер рухани жағынан да, адами тұрғыдан да толысып, білім алумен қатар, өмір жолындағы үлкен бір белесті кезеңдібастан өткересіздер. Бойларыңыздағы жастық қуат пен сұлулыққа көктемнің шуақты күндері де әр беріп тұрғандай. Сондықтан мен үшін бгінгі салтанатты жиынның  шымылдығын ашып, сіздерге сәттілік тілеу ерекше оқиға болып тұр», — деді.

Сайыс кезінде қыздар да, жігіттер де өнерде алдына жан салмады. Ән айтып, домбыра тартып, әрбір нөмірді шабыттана орындаған жастар саятшылық, ісмерлікөнерлері мен спорттық шеберліктерін де паш етіп, дүйім жұрттың ризашылығына ие болды.Үш сағатқа созылған конкурс соңында әділ қазылар алқасы жеңімпаздардың есімдерін атады. Олар:

Мистер и мисс ҚарМТУ – Сұлтан Сүйкімбекжәне Сара Нұржан (СҚФ);

  • Вице-мистер және вице-мисс – Мейірім Худайбердиев және Мадиана Спанбетова(ТКФ);
  • Вице-мистер және вице-мисс – Елнұр Акашев және Нұрай Құтжанова (ЖКФ).

Жеңімпаздарға ескерткіш сыйлық ретінде күміс зергерлік бұйымдар, «ArtLine» модельдік агенттігінің тегін білім алу сертификаты және өзге де демеуші фирмалардың сыйлықтары тарту етілді.

 

Без рубрики