Маркетинг және келісім-шарт қатынастары орталығы

Студенттер мен магистранттар контингентін сапалы құру, кәсiби бағдарлау жұмысының тиімділігін жоғарлату мақсатында Университет ректоры А.М.Ғазалиев бастауымен маркетинг және келісім қатынастары Орталығы құрылды (МжәнеКҚО).
Орталық студенттер контингентін құру мен олардың Университетке түсуіне дайындығын құру мақсатында ұйымдастырушылық, әдістемелік және жарнамалық- ақпараттық қамтамсыз етуді іске асырады.
Маркетинг және жарнама секторы (МжәнеЖС). Мақсаты: Талапкерлер үшін Университеттің жарнамалық өнімін шығару мақсатында, университет қызметі туралы ақпаратты жинау мен жүйелеу. ЖОО өткізетін кәсiби бағдарлау шараларын жарнамалық- ақпараттық материалмен қамтамасыз ету. ЖОО түсу сұрақтары бойынша ЖООға дейінгі оқу орындарында оқитын студенттер арасында сауалнама жүргізу.
Кәсiби бағдарлау секторы (КБС). Мақсаты: Университеттің студенттер контингентін құру үшін кәсіби бағдарлау жұмысын өткізу.
Келісімді- білім қызметінің секторы (КБҚС). Мақсаты: Университет, Техникалық лицей және Технологиялық колледж студенттерімен келісім шарттарға отыру арқылы, сапалы келісім қатынастарын қамтамасыз ету.
ЖОО дейінгі дайындық секторы (ЖДС). Мақсаты: Университетке түсу үшін орта оқу орындарының оқушыларының кәсiби бағдарлауын ұйымдастырып өткізу.

2010 жылы Университет рекордттық қабылдау жасады- 4342 адам және 1089 мемлекеттік білім беру гранттарының иегері болды.
Осылайша, ҚарМТУ екінші жыл бойы Орталық Қазақстандағы гранттар саны бойынша лидер болып табылады, ал Қазақстанның 144 ЖОО арасында сегізінші орынға ие.

Без рубрики