KZ Pitching challenge Almaty Mini Maker Faire фестивалінде


Almaty Mini Maker Faire KZ Pitch Challenge (жобалар презентациясы байқауына) қатысуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

Әлеуметтік немесе қоғамдық жобаңыз жайлы ұсыным жасап, жақсылап айтып берсеңіз, сол жобаны жүзеге асыру үшін микро-грантқа ие боласыз. Ең үздік 12 үміткер  Алматы қаласында өтетін фестивальге шақырылып, ал 6 финалға қатысушы 2000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйлықақыға, сондай-ақ SmArt.Point шығармашылық коворкинг қауымдастығына тегін бір ай мүше болу мүмкіндігіне ие болады.

Қаржыландыру үшін инновациялық, креативті, сонымен қатар шынайы және қол жеткізерлік жобалар талап етіледі!

Кандидаттарға қойылатын талаптар / Критерийлер:
• Жоба әлеуметтік және қоғамдық дамуға бағытталуы тиіс. Ол Қазақстанның әлеуметтік, мәдени, білім, медицина немесе экология саласындағы өзекті мәселелерді көтеруі керек;
• Жобаға Қазақстан азаматы және уақытша шетелде тұрып жатқан Қазақстан азаматы қатыса алады;

  • Жасы  18-ден асқан болуы тиіс;

    • Кәсіпкер, жеке тұлға немесе стартап  (ең көп 10 қызметкері бар және 1-2 жыл жұмыс істейтін компания) қатыса алады; орташа және үлкен компаниялар қатыса алмайды;
    • Алматыға  Almaty Mini Maker Faire фестиваліне бару мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Алматыдан тысқары жерде тұратын үздік өтінім иелері тасымалдау және орналастырумен қамтамасыз етіледі;


Өтінім толтыру:
• Онлайн-өтінімді 2018 жылдың  10 наурызына дейін толтырыңыз. Өтінімге қосымша бір минуттан аспайтын бейнеролик ұсыныңыз. Жеке куәлігіңізді қоса беріңіз;

KZ Pitch Challenge тек қана 12 үміткер қатыса алады.

Байланыс үшін:
U.S. Consulate General Almaty
Samal-2, 97 Zholdasbekov Street
Almaty, Kazakhstan, 050051
Tel: +7 (727) 250-76-12/17

Өтінім беруге сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf70LzsCfv6uVC0Pal7ypOUOsh5tU3qcsbNtlhudqxNnZRNBg/viewform

Без рубрики