ҚАРМТУ – QS WUR ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІНЕ КІРГЕН ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ОНДЫҒЫНДА


10 маусымда бүкіл әлемнің жетекші университеттерінің ең абыройлы рейтингтерінің бірі – QS World University Rankings нәтижелері жарияланды.

Абыройлы рейтингтің ТОП–1000-на Қазақстанның 10 жоғары оқу орны (оның ішінде 5 ұлттық) кірді.

Бүгінгі таңда ҚарМТУ Қарағанды өңірінен осы рейтингке енген жалғыз ЖОО болып табылады.

QS әлемнің жоғары оқу орындарын алты көрсеткіш бойынша саралайды:

— академиялық ортадағы абыройлылылық;

— жұмыс берушілер арасындағы атағы;

— профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер санының арақатынасы;

— ғылыми жарияланымдардың дәйексөзділігі;

— шетелдік оқытушылардың үлесі;

— шетелдік студенттердің үлесі.

ЖОО-ның беделін бағалаудың маңызды факторларының бірі оның жұмыс берушілер мен академиялық қоғамдастықтағы атағы болып табылады. Осы критерий бойынша ҚарМТУ рейтингте 501-орынға ие бола отырып, өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Университет бизнес-қоғамдастықпен қарым-қатынасты нығайту бойынша табанды және нәтижелі жұмыс жасауда. Бұның дәлелі ретінде әр-түрлі ғылыми зерттеулер, инновациялар, бірлескен мансаптық іс-шаралар, тәжірибелер қызмет етеді. Университеттің серіктестері тек Қарағанды өңірінің ғана емес, жалпы Республиканың ірі кәсіпорындары болып табылады.

ҚарМТУ үшін ең мықты индикатор  шетелдік студенттер саны сияқты критерий болып табылады, ол бойынша ЖОО өткен жылмен салыстырғанда 102 пунктке өз позициясын жақсартып, әлемде 282-орынға ие болды, ал «ПОҚ-тың студенттерге арақатынасы» критерийі бойынша университет өз көрсеткіштерін екі есеге жақсартты, бұл ретте 601+ орнына жайғасты.

ҚарМТУ-дың халықаралық рейтингтерде алға жылжуы – бұл инновациялық-кәсіпкерлік университетке өту кезінде қойылған жаһандық бәсекеге қабілеттілік нәтижесі.

Профессор-оқытушылар құрамын интернационалдандыру және университет дамуының басым бағыттарының бірі болып табылатын ғылыми мақалалардың дәйексөздігі индексін көтеру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 14 мыңдық оқытушылар, қызметкерлер, докторанттар, магистранттар мен студенттер ұжымын ТОП–801+ жоғары позициясына орналасуымен құттықтаймыз және  жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

 

 

Без рубрики