«Әлем эстафетасы – жастарға!» Республикалық жастар антиядролық он-лайн форумы

Республикалық жастар антиядролық он-лайн форумының мақсаты: ядролық қауіпсіздікті күшейту жөнінде  Қазақстан саясатын жүзеге асыру құралдары мен механизмдерін дамыту бойынша  перспективаларды анықтау және тәжірибе алмасу.

Республикалық жастар антиядролық форумының міндеттері:

  • Қазақстан Республикасындағы ядролық қауіпсіздік аймағындағы ағымдық жағдайды жариялау;
  • халықаралық жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайту бойынша Қазақстан

әрекетінің нәтижелілігін талқылау және бағалау;

  • халықаралық аренада Қазақстан имиджін көтеру мәселелерін, Қазақстанның қарусыздандыру,

ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік  аймағында жаһандық көшбасшылығын  талқылау;

  • Қазақстанның жаһандық антиядролық бастамаларын дамыту перспективалары.

Республикалық жастар антиядролық форумын өткізу орны және уақыты:

2016 ж. 10 наурыз, 10.00-13.00. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бас корпус ғимараты, мекен-жайы: Қарағанды қ., Б. бульвары к., 56-үй, акт залы.

Халықаралық және республикалық деңгейдегі қатысушылар Форумға келе алмаған жағдайда желілік режим (интернет бойынша) арқылы қатыса алады.

ЖОО үшін Форумды өткізу талаптары:

  1. Windows 7 операциялық жүйесінен төмен емес компьютер;
  2. Веб – камера;
  3. Микрофон;
  4. 8 мБ/с кем емес жоғары жылдамдықты интернетке қосылу;
  5. ҚарМТУ-ға 17 ақпан 2016 ж. дейін онлайн-режимде (k.shtefan@kstu.kz) қатысатыны туралы алдын ала статусы (негізгі немесе қосымша) көрсетілген өтініш жіберу қажет.
  6. Әр негізгі аймақтық ЖОО 500 адамнан кем емес қатысушыны қамтамасыз етуі керек.

Форумның қорытындысын жариялау үшін желілік электрондық еңбектер жинағы шығады:

  1. Әр аймақтық негізгі ЖОО өзінің электронды жинағын шығару қажет.
  2. Үздік материалдар көбінесе ҚарМТУ-дың электронды жинағына жариялануы керек.

БАЙЛАНЫС

тел.: 8(7212)56-88-01, 56-59-35 (ішкі 1042)
Е-mail: niipatriot_kstu@mail.ru