«Қазақ хандығы: құқықтық аспект» тақырыбында дөңгелек үстел

2015 ж. 10 сәуір ҚарМТУ-дың «Армандастар» жатақханасында сағ 16:00-де Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ хандығы: құқықтық  аспект» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шара мақсаты: Қазақ хандығының құқықтық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін қарастыру, студенттерді Қазақстан тарихын зерттеуге баулу, Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық және мақтаныш сезімдерінің қалыптасуына септігін тигізу.

Дөгелек үстелге тарих кафедрасының ПОҚ З.Г. Сақтаганова, т.ғ.д., профессор, М.М. Карасартова, ӘГП кафедрасының аға оқытушысы , Н.Ж. Сарсенбеков, сонымеен қатар ҚарМТУ студенттері, ҚММУ және Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ.

Іс-шара барысында Қазақ хандығындағы құқықтың негізі; Қасым хан, Есім хан, Тәуке хандар тұсында заң қабылдаудың қажеттіліктері; Қазақ хандығының құқықтық жүйесінің демократиялылығы туралы айтуға болады ма; Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының құқықтық жүйелерінің арақатынасы қандай деген мәселелер қарастырылады.

Дөгелек үстелді ұйымдастыру және өткізуге ҚарМТУ-дың барлық мамандық студенттері қатысады.