Академик А.С.Сағыновтың туылғанына 100 жыл


2015 жылы 27 желтоқсан ғалым, Социалистік Еңбек Қаһарманы, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Сағынов Әбілқас Сағынұлы 100 жасқа толады.

Сағынов Әбілқас Сағынұлы 1915 жылы Павлодар облысының Баян-Аул селосында дүниеге келді. Өзінің еңбек қызметін Сағынов Әбілқас Сағынұлы 1931 моторист қызметінде «Прибалхашстрой» Өспен трест кенінде бастады. Келесі жылы ол Қарағанды тау-кен техникумына түсіп, қазақ студенттерімен біоге Артем атындағы Днепропетровск тау-кен институтына жіберіледі. Институтты бітірген соң 1948 жылға дейін Ә.С.Сағынов Қарағанды көмір бассейнінде учаске бастығы, бас инженер , шахта директоры, көмір трест техникалық бөлім жетекшісі қызметтерін атқарды. 1948 -1951 жж. аралығында Қарағанды ауданының Госгортехнадзор Басқармасының басшысы, «Карагандауглеразрезы» трестінің бас инженері болып жұмыс істеді.

1958 ж. — Профессор атағы берілді.

1961 ж. —Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып тағайындалды.

1970 ж. — Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып тағайындалды.

1971 жылы жоғары білім дамыту мен халық шаруашылығына кәсіби мамандарды дайындағаны үшін Ә.С.Сағыновқа «Орақ пен Балға» алтын медалі, Ленин ордені мен Социалістік Еңбек Қаһарманы атағы берілді.

Тау жыныстары механика бойынша жұмыстары үшін Ә.С.Сағынов авторлық ұжым құрамында 1974 жылы ғылым және техника саласында Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1987 жылы оған авторлық ұжымның құрамында «Қазақ ССР өндірісінің құрылыс және тау-кен салаларында соққы әсеріндегі гидравликалық машина жасау мен теориясын дамыту» жұмысының жетекшісі ретінде Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Оның ғылыми басшылығымен 50 кандидаттық және 11 докторлық жұмыс қорғалды.
Оның КСРО халық қызметінің және республиканың дамуындағы еңбегі, жоғары білім мен ғылым үшін үкіметтік сыйлармен – алты орден мен медальдермен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Бұйрығымен 1995 ж. желтоқсан айында Ә.С.Сағыновқа «Қазақстан Республикасының ғылым және техника еңбегі сіңген қыхметкері» атағы берілді.

2015 ж. 10-11 желтоқсан Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті академик А.С. Сағыновтың 100 жылдық мерей тойына арналған «Ғылым, білім және өндірістің бірігуі- ұлт жоспары жүзеге асуының негізі» Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Академик А.С.Сағыновтың туылғанына 100 жыл толуын тойлау туралы бұйрық жүктеу

Сағыновтың 100 жылдығы іс-шараларының жоспары жүктеу

Ақпараттық хат жүктеу

Без рубрики