Италия Қазақстан студенттерінің көзқарасымен

Италия Қазақстан студенттерінің көзқарасымен

 

Италия1Біз «Электр және жылу энергетикасы» мамандығының студенттеріне Италияға баратын мүмкіндік бар екенін білген соң байқап  көру керек деп шештік. Ондай мүмкіндік күнде бола бермейді!  Айтылған күні біз ағылшын тіліміздің жазбаша және ауызша тексеруінен өттік. Бір апта өткен соң біз нәтижелерді біліп, өте қуандық. Астанадан ұшу қазан айының аяғында жоспарланды.

2012 жылдың, қазан айының 25 күні біз «Мальпенза» әуежайында, мемлекеттік солтүстік астанасы — Миланда жерге қондық. Осы жерден біз Триест қаласына жолға шығу қажет болды, бұл қалада біздің іссапарымыздың негізгі бөлігі өтті.  Италияға бірінші көзқарас бұл жерде көп нәрсе біз көргеннен ерекше екенін білдірді:

Біріншіден,  ауа-райы – ұшып келген соң температура 18-20 температура жылу болды; қазақстанда болса, сол уақытта бірінші қау жауып,  6-8 градус қ-ден төмен болды.

Екіншіден, адамдар – олардың үлкен саны, біз әуежайда болғанда адамдардың саны көп болғанын есепке алумен, қалаға келгенде, адамдардың үлкен саны- Миланның тұрақты атрибуты екенін түсіндік.

Осыған байланысты көліктердің саны көп болды. Тар жолдар, көліктер және жаяу жүрушілердің саны көп болғаны қаладағы қозғалысты қиынға соқтырды.

BenQ CorporationВокзалда келгенде, біз ең басымен Триест рейсіне билет сатып алдық. Триестке біз жергілікті уақытпен өте кеш 21.20-да келдік, бізді жергілікті университет профессоры және біздің жетекшіміз профессор Рудольфо Такани күтіп алды. Біздің тұрғылықты жерге жету жолында біз өз әсерлерімізбен бөлістік.

Келесі күні біз қалады қыдырып, түске қарай профессор келіп, бізді Университетке әкелді. Сабақ кестесін және оқудың болашақ жоспарын көріп, бізге университет бойынша экскурсия жүргізді. Университет ғимараттары өз көлемдері мен әдемілігімен таң қалдырды. Бағдарлама бойынша біздің оқуымыз келесі аптадан басталды, осы себепке байланысты келесі күндері біз қала бойынша қыдыру мен жергілікті қызықты жерлерін көрумен өткіздік.

Оқу бізді Триест қаласы сияқты да қызықтырды. Біздің оқуымыздың үлкен бөлігі Порденон қаласында өтті, біз бұл жерге 2 сағат ішінде поездбен келеміз. Оқу аралығында бізде екі іс-шара өтті:

1) Ректормен ресми түрде танысу. Бұл кездесуде Италиядағы Қазақстан Республикасының консулы, сонымен қатар Университеттің құрметті профессорлардың үлкен саны болды. Бұл университетте біз Қазақстаннан келген бірінші студенттер болдық.

2) Бізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін ресми түрде тойлауға шақырды. Қазақстан Республикасының Консулы біз туралы естіп, кездесуге ұсынысты қабыл етті.   Қонақтармен әңгімелесу үстінде біздің мемлекетімізге қызығушылық білдіргені сезілді,қонақтардың көбісі  жақында біздің мемлекетімізге келуге жоспарлады.

ҚарМТУ-ға осындай берген мүмкіндік үшін алғысымызды айтып, басқа мемлекетте оқуға тілек білдірген студенттерге сәттілік тілейміз.

Италия3

Нұрахмет Әліхан, ТЭ-09-2 тобының студенті

Әнуарбек Ұлан, ЭЭ-10-3 тобының студенті

 

Без рубрики