ҚарМТУ-да 36 сағаттық «Кәсіпкерлік негіздері» курсы өтті


«Атамекен» ҚР-ның  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР-ның Білім және Ғылым министрілігімен  бірлесіп «Жастар жылын» өткізу бойынша жол картасы аясында жас ұрпақтың кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған бірқатар бастамаларды жүзеге асыруда.

Осы бастамалардың бірі болып Қарағанды мемлекеттік техникалык университетінде  «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша 36 сағаттық курс өткізілді.

«Кәсіпорын  экономикасы және менеджмент» кафедрасының  аға оқытушысы Танекеева Гаухар Джошина «Энергетика, автоматика және телебайланыс» факультетінің студенттеріне тренинг жүргізу барысында кәсіпкерліктің қыр сырын іскерлік ойындар, бизнес модельдеу, топтық жұмыс жүргізу арқылы үйретті.

Сонымен қатар курс барысында 2019 жылдың 26 қазанында «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығының» директоры Абт Николай Викторовичтың студенттермен қонақ дәрісі өтті.

Курска қатысу нәтижесінде 84 студент 12 бизнес жоба қорғады. Жобаны қорғау барысында комиссия мүшесінде «Атамекен» ҚР-ның  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Жаксыбаева Г.Ш., ЖК «Новикова Е.Г.»- ның директоры Елена Галимзяновна және «Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» кафедрасының  аға оқытушы Кошмаганбетова Ж.Б. қатысты.

Студеттердің даярлаған бизнес жобалары жоғарғы деңгейде орындалып, өткізілген «Кәсіпкерлік негіздері» тренингі бойынша алған білімдерін машықтап іске асырды. Бизнес жобаларды қорғау барысында әр-бір студент үлкен қызығушылық танытып, өздерін болашақ кәсіпкер ретінде үлкен сезімге бөленді.

 

 

Без рубрики