2017 жылы сәуірде БҒМ ғалымдар жұмыстарын бастап, қаржыландыруды уақытылы алуы үшін 2018-2020жж. ғылыми жобаларды қаржыландыру байқауларын бастауды жоспарлап отыр

Астанада Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің пленарлық отырысы өтті. Отырыс барысында министрліктің 2016 жылдағы қызметінің қорытындысы шығарылып, 2017 жылға міндеттер белгіленді. Шара Мемлекет басшысының жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Ведомство басшысы Ерлан Сағадиев министрліктің жұмысының қорытындысын шығарып, алдағы жоспарларға тоқталды.
«Ғылыми жобалардың жаңа жүйесі енгізілді. Егер гуманитарлық және фундаменталды зерттеулерді ескермесек, онда басты міндетіміз шешіледі. Біздің міндетіміз – ғалым бизнеске барып, сектордың мүддессіне сәйкес жұмыс істеуі керек. Бұл бірлесіп қаржыландыру деп аталады», – деді ҚР БҒМ министрі Ерлан Сағадиев.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амрин ғылымның ашықтығының маңыздылығын атап өтіп, ғылымды дамытудың басымды бағыттарына тоқталды.
Сонымен қатар, А. Амрин Қазақстанда 2017 жылы ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын атап өтті, оның бірі ғалымдардың бизнес-орта өкілдерімен бірлескен жұмысын жолға қою болып табылады.
«Министрлік ғылымды бірге қаржыландырады. Жетекші мемлекеттердің тәжірибесі дәлелдегендей, ғалымдар бірінші кезекте бизнеспен жұмыс істеуі керек. Мысалы, АҚШ-та ғылымға 456 млрд доллар жұмсалады, яғни R&D жұмсалатын шығынның жалпы әлемдік көлемінің 27% немесе 297 млрд доллар жеке сектормен қаржыландырылды, ал мемлекеттен 27% – 122 млрд доллар ғана бөлінген. Бұл ғылыми нәтижелердің қажет екендігін білдіреді», – деп атап өтті А. Амрин.

Өз сөзінде вице-министр ғалымдар бірінші кезекте бизнестің, содан кейін мемлекеттің қолдауын сұрауы керек екендігін атап өтті. Қолданбалы сипаттағы барлық зерттеулерге осындай практика қолданылмақ.
2017 жылы сәуірде БҒМ ғалымдар жұмыстарын бастап, қаржыландыруды уақытылы алуы үшін 2018-2020жж. ғылыми жобаларды қаржыландыру байқауларын бастауды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде министрлікте барлық тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр.
Оның айтуынша, грант алуға барлық ғалымдар өтінім бере алады.
«Мемлекеттік қолдауға ие болған барлық жобалар сәйкестендірілетін нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланады», – деді А. Амрин.
Вице-министрдің айтуынша, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері үш тұрғыдан жүзеге асырылады: ғылыми – жарияланымдар, патенттер; академиялық – жаңа білім бағдарламалары, модульдер мен кадрлар даярлауда – зерттеулердің бағыты бойынша PhD, өндірістегі мамандар.
Сонымен қатар, кадрлық құрамды жасарту мен міндетті түрде ағылшын тілін білу қажеттілігі де бар. Бұл заман талабы. Барлық жаңашылдықтар транспаренттілікті және қабылданатын шешімдердің әділдігін барынша қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Айта кетейік, шара Мемлекет басшысының жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Оған ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, құрылымдық бөлімшелердің және ведомствоға қарасты ұйымдардың, сонымен қатар, ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сайт МОН РК

Без рубрики