«Өзіңізді COVID-19-дан қорғаңыз» атты дөңгелек үстел» ашық кураторлық сағаты


2022 жылдың 14-ақпанында Өнеркәсіптік көлік кафедрасының ассистенті Қанат Ф.Е. ұйымдастыруымен, ОП-20-1с тобының студенттеріне «COVID19-даң өзінді қорға»  атты тақырыпты іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттерге коронавирус инфекциясының қауіпін, бастапқы белгілері мен вирустан қорғану амалдарын насихаттау.

Іс-шара кезінде студенттерге коронавирус инфекциясының таралуы, бастапқы белгілері туралы, ауруды жұқтырған кезде қандай шара қолдану керектігі мен вирустан қорғану туралы ақпараттар берілді. Іс-шараның соңында студенттер коронавирус туралы негізгі сұрақтарға жауап беріп, жоғары білім деңгейін көрсетті.

Жалпы алғанда іс-шара өзінің негізгі мақсатын толықтай ашты және жақсы деңгейде өтті.

Ашық кураторлық сағатқа барлығы 14 адам қатысты, оның ішінде «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының 7 — студенті, қалған 7 — оқытушылар:

ЖКФ деканы Курмашева Б. К.

ӨК кафедра меңгерушісі Асқаров Б. Ш.

ӨК кафедрасының оқытушылары: Абдыгалиева С. Ж. Кенжекеева А. Р., Косбармаков С.Ж., Аткен Е. Альжанова А.К.

Без рубрики