«Жол және станса құрылғысы» пәнінен ашық сабақ.


24 мамыр күні   Инновациялық технологиялар колледжінің  2 курс  КОПЖТ16/11-1 тобында «Жол және станса құрылғысы» пәнінен  оқытушы Ахмадиев М. Т. «Стансадағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатына колледж маманы Ауэзова Б.М., колледжде сабақ беретін пән оқытушылары қатысты. Сабақтың басты мақсаты – Станса ішіндегі және станса аралығындағы пойыздар қозғалысын ұйымдастыру ретімен танысу, қауіпсіздік ережелерінің және еңбек қорғау шараларының негізін қарастыру, талдау еді.

Студенттер алдын-ала берілген тапсырма бойынша «Станса ұзындығының 1900 метр ұзындықтағы «Жаңаарқа» стансасының жол жоспарын құру» тақырыбында курстық жобасын жазып, сызбасын сызып сабақты өткізу кезінде үлкен белсенділік танытты.

Ашық тәрбие сағатында өз өнерлерімен көзге түскен КОПЖТ16/11-1 тобының студенттері І, ІІ, ІІІ-ші дәрежелі ГРАМОТАМЕН және белсенді қатысып отырғандарына АЛҒЫС ХАТТАРМЕН марапатталды.

Без рубрики