Жамбыл облысының мектептеріне үгіт-насихат жүргізу


«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін-2050» бағдарламасы аясында

2024-2025 оқу жылына студенттерді қабылдау бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің іс-шара жоспарына сәйкес, «Серпін-2050» оқу орталығының және  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының әдіскері А.А. Пернебаеваның ұйымдастыруымен 2024 жылдың 26 қаңтарында Жамбыл облысының аудандық білім бөлімдерінің мамандарымен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушыларға университет туралы толық мағлұмат беріліп, слайд көрсетілді.

Без рубрики