«Заңды білмеу – жазадан құтқармайды» тақырыбында полиция қызметкерімен кездесу.


5 сәуір күні полиция лейтенанты Қаузов Естай Төлегенұлы келіп, колледж студенттерімен профилактикалық түсіндіру шараларын жүргізді. Түсіндіру барысында инспектор ұрлық, бопсалау, біреудің денесіне зақым түсіру сияқты қылмыстардың әкеліп соғатын салдарын айтып өтті. Сондай-ақ, қандай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбындағы заңдар мен мақалалармен таныстырып өтті. Ішімдік пен шылым шегудің жазалары да айтылып өтті.  Кездесудің соңында инспектор студенттерді салауатты өмір салтын ұстанып жүруге шақырды.

Без рубрики