Құрметті студенттер!


«Тайбурыл» қайырымдылық қоры ҚарМТУ студенттерін Kingstone University (UK – Ұлыбритания) магистратурада білім алуға бөлінген 2 грантты ұтып алу үшін байқауға қатысуға шақырады. Талапкерлерді іріктеу 2018 жылдың 30 наурызы күні өтеді.

Байқауға төмендегі мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады:

  • «Радиотехника, электроника және телебайланыс»;
  • «Ақпараттық жүйелер»;
  • «Есептеу техникасы және және бағдарламалық қамтамасыз ету»;
  • «Автоматтандыру және басқару».

Грант үміткерлерінің сабақ үлгерімі жоғары болуы керек және олар ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде жақсы меңгеруі тиіс.

Грант тек білім алу қаржысын ғана емес, сонымен қатар жатын орын, жол, оқу құралдарын сатып алу және өзге де қосымша шығындарды өтейді. Толық ақпаратты мына сайттан алыңыз: www.taiburyl.kz.

Без рубрики