Университеттегі шығармашылық үйірмелердің есеп беру концерті


2017 жылы 2 мамыр сағат 18.00-де «Жастар Әлемі» Жастар Сарайында Университеттегі шығармашылық үйірмелердің есеп беру концерті өткізілді. Студенттер өздерінің үйірмеде семестр бойы дайындалған өнерлерінің ең жақсысын орындады.

Концертке қатысқандар:

— Вокал үйірмесінің қатысушылары: «Белгісіз жан» әнімен ГПР-13-1 тобының студенті Нығыжан Нұрдәулет пен МЕТ-13-4 тобының студенті Рашид Нұрай, «Пьяное солнце» әнімен МЕТ-13-4 тобының студенті Тынысов Береке, «Stand up for love» әнімен АиУ-14-1 тобының студенті Жылкайдарова Аида орындады;

— «Эксклюзив» би ансамблі «Гәкку» және үнді биімен шықты;

— «Сары-арқа сазы» домбыра ансамблі  «Адай», «Әке арманы», «Ата толғауы» және «Әке тоғауы» күйлерін орындады;

— «Сөз патшасы» поэзия клубының қатысушылары ИС-16-1п тобының студенті Карибаев Айсұлтан мен ГПР-16-1 тобының студенті Жакипов Сұлтан өздерінің шығармашылық өлен жырларын оқыды;

— Аспапты оркестр мен вокал үйірмесінің қатысушылары бірігіп «Асыл жанымай» және «Bolevard of broken dream» әнін орындады;

— «Rize» заманауи би тобы «Vogue» және «Break Dance» биін биледі.

Іс-шараның жүргізушілері ИС-16-1п тобының студенті Карибаев Айсұлтан мен  АиУ-16-3 тобының студенті Садуақасова Әйгерім.

 

Без рубрики