Тарих


Тау-кен машиналары мен жабдықтары кафедрасы (кафедраның бұрынғы аты – «Тау-кен машиналары және кен орнының транспорты» және «Тау-кен машиналары және кешені») Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің көне кафедрасының бірі. Ол 1957 жылы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі ректор, Социалистік Еңбек Ері,  ҚР ҰҒА академигі, профессор, техника ғылымдарының докторы Сагинов Әбілқас Сагинович болды, ал кафедра келесі қызметкерлерден тұрды: доценттер Хрусталев И.К. (1955-1957), Энштейн А.М.(1956-1957); аға оқытушылар Кичигин А.Ф., Дауберт В.Я. (1957-1965); ассистенттер Беленький Д.М. (1956-1959), Казак Ю.Н. (1957-1962), Кудряшов В.П. (1955-1959), Рихтер П.А., Салтанов А.Д. (1956-1974); оқытушылар-қосымша істеушілер Абрамович И.А., Тырин Н.В., Иванчинов А.Н., Бреннер В.А., Васильев М.П.

1958 жылы кафедрада «Тау-кен машиналары және кешені» мамандығы бойынша бірінші түлектер шығарылды. Кафедраны профессор, техника ғылымдарының докторы, бұрынғы Нью-Йорк Академия Ғылымдарының академигі, Киев техникалық университетінің профессоры КИЧИГИН Анатолий  Филиппович 1958 жылдан 1971 жыл аралығында меңгеруші лауазымында жұмыс істеді.

Кичигин А.Ф. (1923 ж. Курскта дүниеге келді) – ҰОС қатысушы, 1952 ж. Мәскеу тау-кен институтын бітірді және тау-кен машиналары кафедрасында аспирантураға қалдырылды. 1956 ж. аспирантураны битирип, Қарағанды тау-кен институтына жұмысқа жіберілді, 1971 ж. дейін аға оқытушы, (1956-1958 жж.) доцент, 1969 жылдан бастап профессор лауазымында жұмыс істеді. 1959 жылдан 1960 жылға дейін тау-кен-электромеханикалық факультетінде декан, 1960-1961 жж. оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, 1961-1971 жж. ҚарПТИ-да ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болды. Кандидаттық диссертациясын Кичигин А.Ф. 1958 ж. Мәскеу тау-кен институтында, ал докторлық диссертациясын 1968 ж. Днепрпетровтық тау-кен институтында қорғады. Кичигин А.Ф. 300-ден аса жазбаша жұмыс жасады, соның ішінде 5 монография, өнертабыстарына 250-ден аса авторлық куәлік алынды. Олармен 25 доктор және техника ғылымдарының кандидаты дайындалды.

Кафедраның негізгі тапсырмасы жұмыстың бірінші кезінде жас маман-ынтагерлерді таңдау және ұйымдастырудан тұрды, негізінен, кафедраның түлектерінің ішінен, сонымен қатар ҚарПТИ мен мемлекеттің басқа ЖОО-нан, студенттік кезден бастап ғылыми жұмыспен айналысқандар таңдалды. Кейіннен олардың көбісі ғалымдар мен оқытушылар (профессорлар Климов Ю.И., Ешуткин Д.Н., Ушаков Л.С., Павлов А.С., Черкашин Ю.А., доценты Нерозников Ю.И., Фабричный Ю.Ф., Митусов А.А. және т.б.) болды. Климов Ю.И., болашақ 3-ші курстың студенті және кафедраның ғылыми үйірмесіне белсенді қатысқан, институттың жетекшілерімен бірге Сагинов А.С. және Кичигин А.Ф., 1961 жылы Мәскеуде өткен, жоғарғы мектеп жұмысшыларының Бірінші Бүкілодақтық мәжілісіне қатысты.

Кичигин А.Ф. зерттеу облысында және төмендегілерді қолдану арқылы принциптік жаңа тау-кен техникасын жасап ғылыми бағытын анықтады: алмаздық кесетін құралды пайдаланатын кесуші-жыртпалы атқарушы органы бар қазба жүргізгіш комбайн, қазба жүргізгіш комбайн ушін гидросоққышты жұмыс органы, жонғыштар, кесектер, шойбалға және айналмалы-соққылы әрекет ететін бұрғылы машина, жынысты тасымалдау машинасы үшін еңкіш тау-кен қазбасы. Бұл жұмыстардың бәрі Қарағанды аймағындағы кәсіпорындардың және Кеңес Одағының көптеген қалаларындағы шаруашылық шарты бойынша орындалды. Оларда Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтының (ҚКҒЗИ), Қарағанды көмір машина жасау жобалау-конструктивтік институтының (Гипроуглегормаш), «Қарағанды көмір» және «Қарағанды шақта құрау» комбинаттары, «Қартау-кенмаш», РГШО заводтары және т.б.

Кафераның тығыз байланысы және біріккен жұмысы мына институттармен ЦНИИПодземмаш, А.А.Скочинск атындағы ИГД, ВНИИАлмаз, ПРОМНИИПроект (Мәскеу қ.), ГИПРОНикель, МЕХАНОБР (Ленинград қ.), Эстондық филиалмен А.А.Скочинск атындағы ИГД (Таллин қ.), П/О «Уралкварцсамоцветы» (Свердловск қ.), Малышевтік кен басқару (Асбест қ.), Навоиндік тау-кен-металлдық комбинаты (Навои қ.), Кабардино-Балкардық заводпен алмаздық құралымен (Терек қ.) орындалды. Кафедраның сандық құрамы 120 адамға жетті, олардың 100-і ғылыми жұмыскер ретінде тікелей ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ғылыми жетекшілер және шаруашылық келісім жұмыстарының жауапты орындаушылары кафедраның оқытушылары болды. Жаңа ғылыми бағыттың дамуы кафедрада ғылыми-зерттеу зертханаларының және өнертапқыштық қызметтің белсенділігін жасауға әкелді.

Жекеше түрде, «Тау-кен және мәңгі суық жыныстардың бұзылуы үшін гидропневматикалық импульстік жүйенің ғылыми негізі» Проблемалық зертханасы, «Шақта құрылысы кезінде дайындау жұмыстарының комплекстік механизациясы» зертханасы, «Күрделі шарттарда көмір пласттарының әзірленуі және жаңа әдістері» зертханасы және т.б. Кафедра құрылғанынан бері оның жұмыскерлерінің өнертабыстарына 500-ден аса авторлық куәлік пен патент алынды. Бұл, өз кезегінде, Қарағанды политехникалық институтының барлық кафедрасында өнертабыстық жолдың шалқып дамуына ықпал етті.

Кичигинді А.Ф. кафедра меңгерушісінің орнынан оның оқушысы, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, профессор, техника ғылымдарының докторы ЛАЗУТКИН Александр Григорьевич (1971-1992 жж.) алмастырды. Ол сонымен қатар 1971 жылдан 1988 жылға дейін ғылыми жұмыс проректоры, ал 1988 жылдан 1994 жылға дейін Қарағанды политехникалық институттың ректоры болды. Қазіргі уақытта Лазуткин А.Г. Владимир техникалық университетінің (Россия) Муромсктік институтында профессор болып жұмыс істейді. Лазуткин А.Г. (1935 ж. Пензенск облысында дүниеге келді) 1958 жылы Днепрпетровтық тау-кен институтын «Тау-кен машиналары» мамандығы бойынша бітірді және мастерден цехтың бастығына дейінгі жолды жүрген Қарағанды қ. НКМЗ заводына жіберілді. 1962 жылы ҚарПТИ-дің тау-кен машиналары және кен транспорты кафедрасына ассистент ретінде ауысты. 1963 жылдан 1966 жылға дейін аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды және оны бітірген соң дәйекті түрде аға оқытушы, кафедраның доценті және профессоры лауазымдарын иеленді.

Кандидаттық диссертациясын 1967 ж. Қарағанды политехникалық институтында, ал докторлықты – Мәскеу тау-кен институтында 1980 ж. қорғады. 1989 ж. Лазуткин А.Г. ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті болып сайланады. Ол 250 жазбаша жұмыс, оның ішінде 4 монография және 5 оқу көрнекті құралдары, сонымен қатар өнертабыстарына 80-ге жуық авторлық куәлік алынды. 12 техника ғылымдарының кандидатын дайындады.

Лазуткиннің А.Г. кафедра меңгерушісі ретіндегі ізін басушысы Кичигиннің А.Ф. басқа оқушысы, профессор, техника ғылымдарының докторы УШАКОВ Леонид Семенович, Орлов техникалық университетінің (Россия) бұрынғы кафедра меңгерушісі.

Ушаков Л.С. (1937 ж. ҚХР дүниеге келді), 1964 ж. ҚарПТИ-ді «Тау-кен машиналары мен комплекстері» мамандығы бойынша бітірді. 1965 жылдан 1968 жылға дейін аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды, оны бітірген соң дәйекті түрде ассистент, кафедраның доценті (1971 ж.) және профессоры (1990 ж.) лауазымдарын иеленді. 1980 жылдан 1983 жылға дейін ЭМФ-та декан лауазымында жұмыс істеді.

Кандидаттық диссертациясын 1969 ж. Қарағанды политехникалық институтында, ал докторлықты – Мәскеу тау-кен институтында 1989 ж. қорғады. Ушаков Л.С. 150 жазбаша жұмыс, оның ішінде монография және екі оқу көрнекті құралдары, және өнертабыстарына 45 авторлық куәлік алынды. Ғылыми-зерттемелік жұмысы үшін ВДНХ СССР медалімен марапатталды. 7 техника ғылымдарының кандидатын дайындады.

1994 жылдан 2008 жылға дейін тау-кен машиналары және жабдықтары кафедрасын ҚР ХАҚА академигі, ҚР ТҒА мүше-корреспонденті, профессор, техника ғылымдарының докторы КЛИМОВ Юрий Иванович басқарды, Кичигиннің А.Ф. оқушысы болып табылады.

Климов Ю.И. (1941 ж. Қарағанды облысында дүниеге келді) 1958 ж. Қарағанды политехникалық институтына түсті, 1963ж. «Тау-кен машиналары мен комплекстері» мамандығы бойынша бітірді. Институтты бітірген соң тау-кен машиналары мен комплекстері кафедрасына ассистент ретінде қалдырылды.

1965 жылдан 1968 жылға дейін ҚарПТИ-да аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды. 1968 ж. ақпанынан желтоқсанға дейін Францияның Париждік Жоғарғы Ұлттық тау-кен мектебінде ғылыми сынақтан өтті. Аспирантураны бітірген соң кафедраның ассистенті, доценті (1970 ж.) және профессоры (1994 ж.) болып жұмыс істеді.

 

Кандидаттық диссертациясын 1969 ж. Қарағанды политехникалық институтында, ал докторлықты – Мәскеу тау-кен институтында 1993 ж. қорғады. 1995 ж. Қазақстан Республикасының Табиғи ғылым академиясының (ҚР ТҒА) мүше-корреспонденті, ал 1997 жылы — Қазақстан Республикасының Халықаралық ақпараттық академиясының академигі болып сайланды.

Климов Ю.И. 150 жазбаша жұмыс, соның ішінде монография және оқу көрнекті құралы, және өнертабыстарына 71 авторлық куәлік алынды. Алыс және жақын шетел мемлекеттерінде Россия, Украина, Польша, Канада, Бразилия, Чехия, Италия, Германия, США халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысты. Жаңа тау-кен машиналарын жасау және дайындағаны ғылыми-зерттемелік жұмысы үшін екі күміс және бір қола ВДНХ СССР медалдарымен марапатталды. 6 техника ғылымдарының кандидатын дайындады.

1994 жылдан бастап профессор Климовтың Ю.И. жетекшілігімен кафедрада студенттердің курстық және дипломдық жобаларды орындауда және жаңа компьютерлік технологияларға ғылыми зерттеулер жүргізгенде, сонымен қатар техникалық объектілерді моделдеу және программаларға қолданбалы жаңа пакеттерді қолданудың функциялау үрдістерінің оқу процессін игеру және нығайтуымен айналысты.

2008 жылдан 2010 жылға дейін тау-кен машиналары мен жабдықтары кафедрасын профессор, техника ғылымдарының докторы КУАНЫШБАЕВ Жакен Мынгырбаевич басқарды.

Қарағанды политехникалық институтын «Құю өндірісінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітірді. Институтты бітірген соң стажер-зерттеуші ретінде жұмыс істеді, 1974 жылы «Өнеркәсіптік транспорт» кафедрасының аспирантурасына түсті.

1984 жылы техника ғылымдарының кандидаты оқу дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2001 жылы К.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-де докторлық диссертациясын қорғады.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ассистенттен профессорға дейінгі жолды өтті.

150-ден аса ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы, соның ішінде 6 авторлық куәліктер, патенттер, кітаптар, 4 оқу көрнекті құралы, 8 электрондық кітаптар. ҚР БжҒМ мақтау қағазымен марапатталды. Қарағанды облысының энциклопедиясына енді.

Куанышбаевтің Ж.М. жетекшілігімен 6 электрондық кітаптар, оның ішінде 1-уі мемлекеттік тілде. 2 әдістемелік нұсқау қазақ тілінде, 2 оқу көрнекті құралы.

2010 жылдан және қазіргі уақытта тау-кен машиналары мен жабдықтары кафедрасының кафедра меңгерушісі доцент, техника ғылымдарының кандидаты МАЛЫБАЕВ Нурлан Сакенович.

2006 жылдың 3-ші наурызында Қарағанды мемелекеттік техникалық университетінде 05.05.06 – Тау-кен машиналары мамандығы бойынша «Пластинкалы конвейерлердің техникалық деңгейін көтеру» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты оқу дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2010 жылдың 23-ші сәуірінде «Транспорттық, тау-кен және құрылыстық машина жасау» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім Министрлігі Комитетінің шешімімен доцент оқу дәрежесін иеленді.

Орнықты және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалармен ғылыми зерттеу жүргізуге қатысты: Мемлекеттік мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламада ҚР П. 0034 «Ғылыми-техникалық машина жасаудың мәселелері және аса тиімді машиналар мен агрегаттарды құру», «Нұрқазған» кен орнында фирманың «Н+Е Logistik GMBH»  магистральды конвейерінің тиімділігін жоғарылату жұмыстары конвейерлі таспаны тазарту әдісін таңдауда оның айрықша ұтымды конструктивті және эксплуатациялық парамерлерінің есебінен болады. «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша бакалавр және магистратура ұрпақтарына мемлекеттік жалпыға міндетті 1,2 және 3 білім стандарттарын және 10-нан аса үлгілі оқу бағдарламаларын даярлаған. Сапа менеджментінің сапа жүйесі бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес МС ИСО 9000:2000 сериялы оқу және тиісті өкілетті сынақ мерзімін өтті.

Ғылыми зерттеуді жүргізудегі негізгі бағыты – машина жасау объектілерін есептеуде беріктік теориясын жетілдіру. 30-дан аса жазбаша еңбектері, монографиялар, оқу көрнекті құралдары және электронды оқулықтары бар.

Әр жылдары тау-кен машиналары мен жабдықтары кафедрасында профессорлар, техника ғылымдарының докторлары Ермеков Т.Е., Жетесов С.С., доценттер, техника ғылымдарының кандидаттары Альсенов Ж.К., Елисеев В.М., Тир И.Д., Шманёв А.Н., аға оқытушылар Батраков А.В., Кайназаров А.М., Мухамметжан А.А., Айдарханов А.М., оқытушы Зложинская А.В., ассистент Сальков С.Н., инженер Тида О.В., оқу шеберлері Трофименко В.А., Малькенова А.М. және Шлыкова А.Ф. жұмыс істеді.

 1.03.2002 г.

 Қазіргі уақытта кафедрада профессор, техника ғылымдарының докторы С.С. Жетесов (1976 ж. бастап), профессор, техника ғылымдарының кандидаты К.Б. Кызыров (1968 ж. бастап), доценттер, техника ғылымдарының докторлары А.А. Митусов (1970 ж. бастап), К.М. Бейсембаев, доценттер, техника ғылымдарының кандидаттары наук  Г.С. Жолдыбаева (2005 ж. бастап),  М.Н. Шманов (2006 ж. бастап), аға оқытушылар С.Т. Курманов (2003 ж. бастап), техника ғылымдарының кандидаты Г.Б.Абдугалиева (2008 ж. бастап), Ж.Н. Нокина (2008 ж. бастап), О.С. Решетникова (2002 ж. бастап), оқытушы И.В. Телиман (2010 ж. бастап), ассистенттер Ж.Т. Акижанова (2008 ж. бастап), М.С. Алпысов (2011 ж. бастап), Ж.М. Асанова (2010 ж. бастап), А.Е. Окимбаева (2011ж. бастап), зертхана меңгерушісі А.А. Артемова (2011 ж. бастап), инженер А.Б Сатаева (2012 ж. бастап), оқу шебері А.К. Жанысбаева (2011 ж. бастап) жұмыс істейді.

  12.02.2013 г.

 Тұрғандар, солдан оңға қарай:

Сатаева Алия Бозтайлаковна – инженер

Окимбаева Асель Еркиновна – магистрант

Нокина Жаннель Нуртаевна – аға оқытушы

Ахметова Жанар Темирбаевна – ассистент

Решетникова Ольга Станиславовна – аға оқытушы

Артемова Анастасия Александровна – зертхана меңгерушісі

Телиман Ирина Викторовна — оқытушы

 

Отырғандар, солдан оңға қарай:

Шманов Махамбет Нажметдинович – т.ғ.к., доцент

Митусов Анатолий Алексеевич – т.ғ.д., доцент

Малыбаев Нурлан Сакенович – ТМжЖ каф. Меңгерушісі, т.ғ.к., доцент

Жетесов Сантай Сулейменович – т.ғ.д., профессор

Бейсембаев Каким Манапович – т.ғ.д., доцент

Абдугалиева Гульнур Баймурзаевна – т.ғ.к., аға оқытушы

 

 

Без рубрики