«Тәуелсіздік – Тұғырым» атты мерекелік іс-шара


2017 жылдың 15 желтоқсанында ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінде «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, колледждің директоры – Н.А. Смагулованың салтанатты түрде құттықтау сөзімен жалғасын тапты. Директор студенттерге ақ жол тіледі. Студенттердің бойындағы отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру мақсатында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.Әрі қарай колледж студенттері өз өнерлерін ортаға салды. КОПЖТ-17-9 тобының студенті Бастами Аружан ақын – Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін жатқа оқыса, Серікхан Тәуіржан және Каниева Арайлым өз шығармашылығынан Тәуелсіздікке арналған жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, осы кеште «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты қабырға газеті конкурсының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі болды. Студенттерді өз Отанын сүюге, Ұлтын ұлықтауға тәрбиелейтін мұндай шаралардың өтіп тұрғаны абзал.

Без рубрики