«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына 20 жыл» атты кездесу


14 наурыз күні Инновациялық технологиялар колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына
20 жыл»
атты кездесу өтті. Кездесуге Колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

ҚарМТУ кітапханасы арнайы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қауіпті дерт»  көрмесі көрсетілді. Көрмеге «Жемқорлықсыз Қазақстан» газеті мен осы тақырыпта қалам тербеген бірнеше авторлардың еңбектері қойылды. Көрмемен қысқаша оқытушы – А.Б.Рахымжанова таныстырып өтті. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын ашып көрсететін видеороликтер көрсетілді.

Сондай-ақ, кездесуде колледжіміздің оқытушысы Д.М.Үмбетов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар» атты презентациясын қорғады.

Студенттерге жеткілікті түрде ақпараттар берілді.

Без рубрики