«Студенттік белсенділік мектебінің»


2018 жылдың 9 ақпанында оқыту бағдарламаларынан құралған «Студенттік белсенділік мектебінің» аясында техникалық ғылымдарының докторы, профессор, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын зерттеу» кафедрасының меңгерушісі, ҚарМТУ-ның эксперттік кеңестің төрағасы –Портнов Висилий Сергеевичпен кездесу өтті.
Василий Сергеевич – ірі ғалым, Халықаралық информатизация академиясының академигі, «Тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының құрмет тұтар профессоры, 2009 жылғы «ЖОО-ның Үздік оқытушысы», 2016 жылдың ҚР ғылыми стипендияның стипендиаты, «Труды Университета» (ҚарМТУ) және Т. Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің «Вестник» журналдарының редакциялық кеңестің мүшесі, Тау-кен Академиясының (Ресей) Академигі, РЖА-ның корреспондент-мүшесі, Қазақстанның Ұлттық Тау-кен академиясының академигі. Ол оқыту-әдістемелік басқарудың басшысы, факультет деканы, кафедра меңгерушісі және университетіміздің білім ісі жөнімен проректоры қызметінде Қазақстанның жоғарғы білім алудың дамуына зор үлес қосқан аға-оқытушы. Қазақстанның, Рсейдің, Украинаның АҚШ-тың, Польшаның, Чехиның, Словакияның, Болгарияның, Арменияның алдыңғы қатарлы баспаларында 700 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері басып шығарылды. Соңғы деректерге сүйенсек, ол кісінің 33 монографиясы жарық көрді (сонымен қатар Германия мен Ресейде); 3 кітап, 21 оқу құралы, 10 ойлап шығарылған құрылғалар және интеллектуалдық қабілеттіктерді растайтын куәліктері бар.
Василий Сергеевия – керемет спортшы. Ол облыстық карате федерациясының құрамында болды. Кейін туризммен айналыса бастады, ең алдымен жаяу, содан Тува, Хакассия, Бурятия, Якутия, Оңтүстік Урал, Жоңғар және Іле Алатауы (бұл тізімде 25 тау өзендері бар) секілді тау өзендеріне сулы туризмге (рафтингке) көшті. Біраз уақыттан кейін таулы туризммен де Саянда, Алтайда, Тибетте, Непалда, Индияда айналыса бастады. Василий Сергеевич рұқсат етілген бағындырған биіктіктер (тау биіктіктерінің базалық лагері) – табиғаттың құдіретті орындары: басты Гималай тау жотасы, Тибет таулы өлкесі, Эверест, Кайлас, Анапурна, Белуха.
Василий Сергеевич студенттерді қызықтыратын сұрақтарына – экспедиция, әр халықтың тұру салтының ерекшелігі және ғылыми жұыспен қатар белсенді спорт түрін бірге алып жүру мүмкіндігі жайында жауап қайтара отырып, диалогтік алаң ретінде кездесуді өткізді. Өзінің өмірлік тәжірбиесімен, тау басына мінер жолдағы басынан өткен әртүрлі сынақтар жайында қатысушылармен бөлісті және студенттерді мақсатқа берік және белсенді болуға шақырды.
Василий Сергеевич ғылым мен экстремалды туризмдегі жеткен жетістіктерінде тоқталмайды, жоспарда – оқушыларының диссертацияларын сәтті қорғап шығуы, жаңа жоғарғы рейтингілік мақалалар және жаңа белестерді бағындыру!!!
Жастарға берер кеңесі: «Әр адам өз болашағын өз қолымен тұрғызады!».

Без рубрики