Студенттер қатарына қабылдау


3 қараша күні сағат 15.00-де «Жастар әлемі» жастар сарайында  ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжі 1 курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті. Осыған орай, мерекеге Колледждің барлық оқытушылары мен студенттері, арнайы шақырылған ата-аналар көрермен ретінде қатысты. Концертті Колледж директоры Смағұлова Нұрбибі Әбсадыққызы  студенттерге деген жылы лебізі мен құттықтау сөзімен бастап берді. 1 курс студенттері орындарынан тік тұрып ант қабылдады.  Әрі қарай студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, Бұқпанов Рауан, Камерленова Лейла ән салса, «Эксклюзив» би тобы қазақ биін билеп, Серікхан Тәуіржан өз шығармашылығынан ерекше өлең оқыды. Мерекенің ортасында колледж директоры мен 1 курс студенттерінің топ жетекшілері студенттерге сынақ кітапшасын тапсырды. Ғылым мен білім  жаһан жұртшылығы қол жетімді болған ХХI ғасырда жастардың алар орыны ерекше. Еліміздің ертеңі елселі жастары білімді ілімі дамыған мемлекет боламыз деген үмітпен үлкен өмірге қанат қаққан студенттерге сәттілік тіледік.

Концерттің соңында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға балаларының тәртібі мен оқу үлгерімі, ағымдық бақылауда алған бағалары туралы ақпарат берілді.

Без рубрики