«Рухани Жаңғыру»


4 қазан күні сағат 12.00-де ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінде елбасының «Рухани Жаңғыру» жолдауының төңірегінде студенттермен кездесу кеші өтті. Осыған орай, Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығының инспекторлары Ширақбаева Гүлзат пен Алексеева Алена келіп студенттермен өз ойымен бөлісті. Үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде халыққа жол тартқан елбасының «Болашаққа бағдар» мақаласы жайлы және қазақ тілінің латын қарпіне көшуі туралы пікір алмасты. Инспектор Гүлзат Ширақбаева бүгінгі таңда ұсынылған «диграф» және «диакритика» ұғымына түсініктеме берді. Алена Алексеева бұл тақырыптың қазіргі таңда кең көлемде талқыланып жатқанын тілге тиек етіп, латын қарпінің маңыздылығы туралы кеңінен тоқталдып өтті. Ғылым мен білім  жаһан жұртшылығы үшін латын қарпі арқылы барынша қол жетімді болған ХХI ғасырда біздің еліміздің де қалыс қалуы мүмкін емес жайт. Еліміздің ертеңі елселі жастары білімді ілімі дамыған мемлекет боламыз десек латын қарпінен бас тартуға бола қоймас. Сондықтан мұндай келелі кездесу ҚарМТУ жастары үшін ауадай қажет.

Без рубрики