Құрметті редакторлар мен журналисттер!


2014 ж. 5-ші желтоқсанда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Түлек-2013» Жәрмеңкесі өтеді. Ол сағ 11.00-де ҚарМТУ-дың бірінші ғимаратының 2-ші қабатында Университет өкілдері мен жұмыс берушілердің сөздерімен басталады. Мұнда біздің түлектерге жұмыс беретін кәсіпорындардың стендттері мен таныстыру мәліметтері қойылады. Жәрмеңке барысында бітіруші студенттер технологиялық, өндірістік және дипломалды машықтанудан өту үшін келісімшарт жасаса алады. Жыл сайын өткізілетін «ҚарМТУ түлегі» жәрмеңкесі кәсіпорын жетекшілері мен студенттердің ынтымақтастығына, жоғарғы оқу орын түлектерінің жұмысқа орналасуларына мүмкіндік береді.
Университет бірнеше мекемелерді таныстырып, кәсіпорындардың базасын жаңартты, 400-ден аса шақыру хаттарын жіберіп, түлектерге арналған ақпарат орналастырылған www.kstu.kz сайтында жұмыс берушілердің бос қызметтерінің виртуалды электрондық жәрмеңкесінің жұмысын ұйымдастырды.
Жәрмеңкеге 100-ге таман жұмыс беруші-кәсіпорындар, соның ішінде ЖШС «Қазақмыс», АҚ «АрселорМиттал Теміртау», ЖАҚ «Майкубен-Вест», «Бейкер Хьюз», «Шлюмберже», АҚ «Казпромгеофизика», КМК «Казахалтын» және т.б. сияқты үлкен корпорациялар қатысады деп күтілуде
«ҚарМТУ түлегі» жәрмеңкесін өткізген көп жылдық тәжірибе жұмыс берушілерді жастардың мәселелеріне жұмылдырудың мұндай жолы нәтижелі екенін көрсетеді.

Без рубрики