Құрметті редакторлар мен тілшілер!


Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті

Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56

Тел./факс: 56-88-01

E-mail: kargtu@kstu.kz  

Ақпараттық хабарлама

www.kstu.kz 

02 қыркүйек  2013 жыл

 

Құрметті редакторлар мен тілшілер!

 

2013 ж., қыркүйек айының 1-ісағат 9.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Бас ғимаратының алдындағы алаңда Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қала, облыс және мемлекеттіу ең үздік түлектері жоғары деңгейдегі техникалық білімді таңдады. Осы жылы ҚарМТУ-да  күндізгі бөлімге 1617 студент, оның ішінде 1017-мемлекеттік білім гранты бойынша түсті.

Тұрақты дәстүр бойынша Университет бірінші курс студенттерін мерекелік салтанатпен қарсы алып, құрметті қонақтарды да шақырды, олардың ішінде: ҚР Президентінің серіктері – ҚР Дипломатиялық академиясының ректоры Сүлейменов Т.И., ҚР ҒЗА академигі Сәрекенов К.З., ҰОС және еңбек ветераны Пономарева С.Г., білім және ғылым облыстық жұмыскерлер кәсіби одағының Төрағасы Самойлюк Т.Ф., Корпоративті Университеті кәсіпорындарының жетекшілері мен Бітірушілер Клубының өкілдері.

Құрметті қонақтар ЖОО негізін қалаушы-Социалістік Еңбегінің Қаһарманы, академик А.С.Сағыновтың ескерткішіне гүлдерді қойды.

Үрмелі оркестр дыбысымен Университеттің Ғылыми Кеңес шешімінің негізінде ҚР Президенті серіктеріне ҚарМТУ құрметті профессорының дипломдары, ал Бітірушілер Клубының ең белсенді мүшелеріне – ҚарМТУ құрметті студент куәліктері берілді.

Барлық бірінші курс студенттеріне ЖОО-ның инновациялық айналасына сәтті бейімделу үшін оқы материалдарының комплекттері берілді.

Осындай айрықша күні институт директорлары, кафедра меңгерушілері де сыйлықсыз қалған жоқ, оларға оқу үдерісін уақытша басқару үшін планшетті компьютерлер берілді.

Іс-шараның салтанатты бөлімі шығармашылық студенттік ұжымдары мен «Жас Орда» студенттер мен магистранттарының кәсіби одағының активистерімен дайындалған мерекелік концерттен тұрды.

Білім Күні бағдарламасы ҚарМТУ ректоры, ҚР ҒҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты А.М.Ғазалиевтың «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Орталық-Қазақстан индустриялық-инновациялық дамуындағы рөлі» атты актілік дәрісімен аяқталды.

 

Без рубрики